01.07.2014, 20:59 3123

ӨДМ өңірлердің жылу желілерін жаңғырту бойынша кешенді жоспарды әзірлеуде

ҚР Өңірлік даму министрлігі жылу желілерін жаңғыру бойынша кешенді жоспар әзірлеуге кіріседі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте министр Болат Жәмішев мәлім етті.

Алматы. 1 шілде. Kazakhstan today. ҚР Өңірлік даму министрлігі жылу желілерін жаңғыру бойынша кешенді жоспар әзірлеуге кіріседі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте министр Болат Жәмішев мәлім етті.

"Бүгін Үкімет отырысында жылумен жабдықтау секторын жаңғырту мәселелері қаралды. Бүгінгі күні бұл секторда тозу деңгейі жоғары. Айталық, желілердің 40 пайызы 100 пайызға тозған. Сондай-ақ, жылу электр станциялары мен ірі қазандықтарды есепке алмағанда, жылумен жабдықтау көздері бойынша да жағдай нашар. Мұнымен қатар, тұтынушыларға қатысты мәселелерге тоқталсақ, тұрғындар жылу есептегіш құрылғыларды орнатпайды, ғимаратты терможаңғырту жүргізілмейді", - деді Б.Жәмішев.

Министрлік жылу желілерін жаңғыру бойынша кешенді жоспар әзірлеуге кіріспек.

Оның айтуынша, бүгін жылу желілерін жаңғыру бойынша кешенді жоспардың бағыт-бағдары талқыланды. Бұл кешенді жоспарды дайындауға біз кірісуміз керек.

Министр атап өткендей, "жоспарға сай, жылу көздері техникалық тексерістен өткізіледі, оның нәтижесі бойынша жылу желілерінің техникалық жағдайына баға беріледі, инвестициялаудың негіздемесі әзірленеді, қалалар мен ауылдарды жылумен жабдықтаудың сызбанұсқасы мен бірыңғай техникалық саясат дайындалады".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны