30.01.2014, 19:23 3143

ӨДМ өңірлік дамуға бағытталған барлық бағдарламаларды қадағалауды күшейтуі керек- С. Ахметов

"Құзіретті шектеу бойынша атқарылған жұмыстарды біз аяқтадық. Өңірді дамытумен байланысты бірде бір жоба мен оны қаржыландыру Өңірлік даму министрлігінсіз қолға алынбауы керек", - деді Серік Ахметов.

Алматы. 30 қаңтар. Kazakhstan today. ӨДМ өңірлік дамуға бағытталған барлық бағдарламаларды қадағалауды күшейтуі тиіс. Бұл туралы ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов мәлімдеді.

"Өңірлік даму министрлігі әкімдіктермен бірігіп аудан мен қалаларды қамтуды даму бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау шаралары бойынша жүзеге асыруы тиіс. Министрліктің алдына қойған барлық тапсырмалар - "Қолжетімді баспана", "Ақ бұлақ", "ТКШ жаңғырту" бағдарламалары орындалу керек", - деді Ахметов.

Қаржының жетіспеуі, оның айтуынша, мембағдарламаның орындалмауын көрсетпейді.

" "Қол жетімді баспана-2020" бағдарламасы жүзеге асуы тиіс. 2013 жылдың қорытындысы бойынша, 6,8 млн шаршы метрдің жартысы жеке инвестициялар. Егер де біз база мен инфрақұрылым құратын болсақ, бизнес өрге жүзеді. Бизнестің ақшасы жеткілікті. Сіздер оны түсінесіздер", - деді Премьер-Министр.

Жалпы, Үкімет басшысының айтуынша, министрлік әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша қаражатты игеру мен өңірлік дамыту бағдарламаларына бағытталған барлық жұмыстарға мониторингті күшейту керек.

"Құзіретті шектеу бойынша атқарылған жұмыстарды біз аяқтадық. Өңірді дамытумен байланысты бірде бір жоба мен оны қаржыландыру Өңірлік даму министрлігінсіз қолға алынбауы керек", - деді Серік Ахметов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны