02.09.2016, 14:42 3649

ОҚО әкімдігі израильдік инвесторлармен ынтымақтастықты дамытуда

Атап айтқанда, тараптардыӊ өзара жиынында, АӨК және энергетика салаларына инновациялық технологияларды енгізу, "Сасықкөл" қоймасын тазалау және хауызын жаӊарту мәселелері қаралды.

Шымкент. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін өӊір басшысы Бейбіт Атамқұлов облыс?a ?nea?e?e сапармен келген израильдік "YR-Mitrelli Group" компаниясыныӊ өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Құрамында компанияныӊ атқарушы директоры, бас менеджері, Астана банкініӊ өкілі және "ULLIT Eurasia" ЖШ-ніӊ бас директорлары болған делегация мүшелерініӊ басқосуында облыстағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, тараптардыӊ өзара жиынында, АӨК және энергетика салаларына инновациялық технологияларды енгізу, "Сасықкөл" қоймасын тазалау және хауызын жаӊарту мәселелері қаралды. Мұнан бөлек, қалалық 1-ші Жылу электр орталығы, 2-ші Жылу электр орталығы мен Шымкент қаласыныӊ әуежайын жаӊғырту (модернизациялау) және ІТ технологиялар мен SMART шешімдерді өӊір тіршілігіне ендіру жайлары да айтылды.

Айта кетейік, "YR-Mitrelli Group" компаниясы Африка, Оӊтүстік Америка, Үндістан мен Қытай және ТМД елдерінде ірі масштабты, ұзақ мерзімді жобалардыӊ негізін салып, әзірлеп, жүзеге асырумен айналысады. 20 жылдан астам уақыттан бері "YR-Mitrelli Group" компаниясы денсаулық сақтау, сумен қамтамасыз ету, энергетика, білім беру, тұрғын-үй құрылысы, ауыл шаруашылығы, ІТ және телеком жобаларын тұрақты қамтамасыз ету жүйесі саласында әлемніӊ түрлі мемлекеттерінде жұмыс жасап келеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны