28.04.2018, 00:05 3732

ОҚО: Арыс қаласында 26 мыӊға жуық шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген

Аудан басшысыныӊ айтуынша, өткен жылы аймақта өндірілген жалпы ішкі өнім көлемі 32,8 млрд. теӊгені құраған. Ал ағымдағы жылы қала экономикасыныӊ ішкі өнім көлемін 33,8 млрд. теӊгеге жеткізу жоспарлануда.

Шымкент. 28 сәуір. KazakhstanToday - Оӊтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында өткен жылы 985 млн. теӊгеге 25760 шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген. Ағымдағы жылы бұл меже артығымен орындалатын болады. Биыл жеке сектордан бөлек, көпқабатты тұрғын үйлерден 5900 шаршы метр пәтер ел игілігіне беріледі. Бүгін бұл туралы ОҚО өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Арыс қаласыныӊ әкімі Мұрат Қадырбек мәлім етті.

Аудан басшысыныӊ айтуынша, өткен жылы аймақта өндірілген жалпы ішкі өнім көлемі 32,8 млрд. теӊгені құраған. Ал ағымдағы жылы қала экономикасыныӊ ішкі өнім көлемін 33,8 млрд. теӊгеге жеткізу жоспарлануда.

"Былтыр қаланыӊ өнеркәсіп кәсіпорындарында 8 млрд. 782 млн. теӊгеніӊ өнімі өндіріліп, өнеркәсіп өнімініӊ нақты көлем индексі 104,6 пайызды құрады. Ағымдағы жылы өнеркәсіп өнімініӊ нақты көлем индексін 105 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Сондай-ақ, өӊір кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында 2018 жылы жалпы құны 8 млрд. 680 млн. теӊгені құрайтын 8 жоба іске қосылып, 172 жұмыс орындары ашылатын болады", - деді Мұрат Болатұлы.

Бұдан өзге, өткен жылы аймақта негізгі капиталға тартылған жалпы инвестиция көлемі 5 млрд. 831 млн. теӊгеге жетті. Өнеркәсіп, шағын және орта кәсіпкерлік, туризм және ауылшаруашылығы салаларында іске асырылатын жобалардыӊ есебінен 2018 жылы бюджеттік емес инвестиция көлемі 2 млрд. 864 млн. теӊгені құрайды деп жоспарланған.

"Бизнестіӊ жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудыӊ бірыӊғай бағдарламасы аясында 3 жобаға қолдау көрсетіліпті. 2018 жылы аталған бағдарлама аясында 7 жобаға қолдау көрсетілетін болады. Оныӊ 3-і субсидиялау, 2-і кепілдендіру, 1 грант, 1 инфрақұрылым бойынша жүзеге аспақ.

Сонымен қатар, өткен жылы өӊірдегі ауыл шаруашылық өнімініӊ көлемі 13 млрд. 142 млн. теӊгені құрап, нақты көлем индексі 110,6 пайызға жеткен. Сондай-ақ, былтыр жылыжай алаӊы 3,1 гектарға артса, ағымдағы жылы 6 гектарға жылыжай салу жоспарлануда.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны