11.12.2007, 15:13 3381

ОҚО басшылары "Шымкентцемент" АҚ-ынан экологиялық заңдарды орындауды талап етпекші

ОҚО басшылары "Шымкентцемент" АҚ-ынан экологиялық заңдарды орындауды талап етпекші

Шымкент. 11 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі "Шымкентцемент" АҚ табиғатты пайдалануын тоқтатып, кен орнын мемлекеттің жеке меншігіне қайтаруды талап етуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

""Шымкентцемент" АҚ-ның экологияға деген көзқарастары мен еңбек ұжымына қатысты әрекеттері бізді қанағаттандырмайды. Біздің өнеркәсіп департаментіміз сотқа шағым түсірген, енді материалдарды күтіп отырмыз. Барлық айыптар біздің қолымызда болған кезде инвестормен басқаша сөйлесетін боламыз", -деді ОҚО әкімі Нұрғали Ишімов.

Өнеркәсіп және кәсіпкерлік департаменті хабарлағанындай, арызда "Шымкентцемент" АҚ цементті дайындауда пайдаланылатын ізбесті кенішін мемлекеттің жеке меншігіне қайтаруды талап еткен. "Сотқа арыз жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім- шарттың кейбір талаптарының бұзылуына байланысты беріліп отыр", - деп атап өтті облыстық департаменттегілер.

Ал экологтар өз тарапынан цемент зауытынан жұмысын тоқтатуды талап етуде. Облыстық аумақтық қоршаған ортағы қорғау басқармасы бастығының орынбасары Рахымберді Өтебаевтың айтуынша, бүгінде басқарма қызметкерлері "Шымкентцемент"АҚ табиғатты пайдалану жөнінде рұқсатын тоқтату туралы министрлікке хат жазып жатыр.

"Жыл басынан бері бірқатар заң бұзушылықтар анықталды, менің пікірімше, оларды жөнге келтіргенінше, зауыт жұмысын тоқтату жөнінде шешім қабылдауға болады", - деді Р. Өтебаев.

Былтыр экологтар зауыт жұмысын тоқтату жөнінде мәселе көтеріп, ондай шешім 2006 жылдың 4 тоқсанында қабылданған. Алайда, осы уақытта зауыт жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Ал жаңа жылдан бастап, табиғатты пайдалану туралы жаңа рұқсат қайта берілген.

ОҚО аумақтық қоршаған ортағы қорғау басқармасы мамандарының есептері бойынша, зауыттың қоршаған ортаға келтірген зияны 57 млн теңгеге жеткен. Осы мөлшерде ауданаралық экономикалық сотына шағым түсірілді. Сот процессі жалғасуда.

ОҚО аумақтық қоршаған ортағы қорғау басқармасы ақпараты бойынша, "Шымкентцемент"АҚ 2004 жылы ауаға шығарылған зиянды заттар көлемі 1651 тоннаны құраған, 2005 жылы 1823 тоннаға ұлғайды. Ал 2006 жылы 2166 тоннаға жетті. Мұндай зиянды заттарды ауаға шығару зауыттың техникалық жағдайының нашарлығынан болып отыр. Зауыт іске қосылғаннан бері өндірістің тазартқыш фильтрлері ауыстырылмаған. Алайда 2006 жылы зауыт басшылары қысқа уақыт аралығында құрал -жабдықтарды жаңартып, қалдықтар дүниежүзілік талаптарға сай тазартылатын болады деп уәде берген.

Агенттік тілшісі "Шымкентцемент" АҚ әкімдіктің талаптарына қатысты сұхбат берулерін сұраған, алайда, олар жауап беруден бас тартты. "Басшылардың шығарған шешім бойынша, біз қазір ешқандай сауалға жауап бермейміз. Бәлкім, кейін сұхбат беруіміз ықтимал ", - деді заң бөлімінің қызметкері.

"Шымкентцемент"АҚ (бұрынғы Шымкент цемент зауыты) халықаралық "Italicement group" корпорациясының құрамына енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны