08.12.2016, 10:46 4864

ОҚО "Химфарм" АҚ-да жалпы құны 100 миллон АҚШ долларынан асатын Қазақстан фармацевтикалық өнеркәсібі тарихындағы еӊ ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Инвестор келгеннен кейін "Химфарм" АҚ-ныӊ жүзеге асырған бірінші жобасы инъекциялық препарараттарды өндіретін цех болып табылады. Жалпы құны 40 миллон АҚШ долларына теӊ өндірістік цехтыӊ ашылуы Қазақстанда ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламаныӊ жүзеге асырылуына іргетас қалады.

Шымкент. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today - Индустрияландыру күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар кешені аясында 6 желтоқсанда Астанадағы "Қазмедиа орталығында" Қазақстан Республикасы Президентініӊ сапа саласындағы "Алтын сапа" жүлдесініӊ лауреаттарын марапаттау салтанаты өтті. Қазақстан фармацевтика нарығыныӊ көшбасшысы - SANTO Member of Polpharma Group сауда белгісімен қызмет жасайтын "Химфарм" АҚ антибиотик ұнтақтарын шығаратын жаӊа цехті іске қосқаны үшін "Еӊ үздік инновациялық жоба" аталымында "Алтын сапа" республикалық байқауыныӊ бас жүлдесін алды. Бас жеӊімпаздарға дипломдар мен мүсіншелерді елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ өзі табыстады.

"Химфарм" АҚ-ныӊ жаӊа цехы Тиісті өндірістік тәжірибеніӊ (GMP) қазіргі заманғы стандарттарына жауап береді. Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында денсаулық сақтау жүйесініӊ қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін өндіріс алаӊында антибиотик ұнтақтары шығарылады. Отандық денсаулық сақтау жүйесін қамтамасыз ететін негізгі серіктес, бірыӊғай дистрибьютор - "СҚ-Фармация" ЖШС-мен жасасқан шарт бойынша дәрі-дәрмек бүкіл Қазақстанныӊ емдеу мекелемелеріне жеткізіліп отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қолдануға ұсынған жаӊа цехтіӊ препараттары күрделі ауруларды емдеуде пайдаланылады.

"Химфарм" АҚ-ныӊ антибиотик ұнтақтарын шығаратын цехі жетекші әлемдік өндірушілердіӊ заманауи жабдығымен жабдықталған. Компанияныӊ өндірістік қуаттылығы жылына 40 миллионға дейінгі антибиотик құтышасын, соныӊ ішінде цефалоспорин тобына жататын және де пенем, мицин антибиотиктерін шығаруға мүмкіндік береді.

Жобаныӊ құны 11 миллион АҚШ долларына теӊ. Жаӊа цех жалпы құны 100 миллон АҚШ долларынан астам сомаға теӊ Қазақстан фармацевтикалық өнеркәсібі тарихындағы еӊ ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырудыӊ кезекті кезеӊі болып табылады. Шығыс Еуропадағы жетекші фармацевтикалық компаниялардыӊ бірі, Польшаныӊ еӊ ірі фармацевтикалық өндірушісі, "Химфарм" АҚ-ныӊ мажоритарлық акционері - "Польфарма" Халықаралық компаниялар тобы жобаныӊ инвесторы болып табылады. "Польфарма" тобы әлемдегі еӊ ірі жиырма генериктік фармацевтикалық компаниялардыӊ тобына кіреді.

Компанияныӊ бүкіл әлем бойынша 6 өндірістік алаӊы бар, соныӊ ішінде еӊ ірі қазақстандық фармацевтикалық өндіруші "Химфарм" АҚ, әлеуметтік маӊызға ие дәрілік заттарды шығаратын жетекші ресейлік фармацевтикалық өндіруші "Акрихин" АҚ, сондай-ақ, Польша мен Батыс Еуропадағы зауыттарды атауға болады.

"Химфарм" АҚ 2011 жылы "Польфарма" компаниялар тобына қосылғаннан кейін, инвестициялар мен озық еуропалық тәжірибеге қол жеткізіп, осыныӊ арқасында Орталық Азияда баламасы жоқ жаӊа дәрілік заттар өндірісін кезеӊ-кезеӊімен құрып, іске қосуға мүмкіндік алды. Инвестор келгеннен кейін "Химфарм" АҚ-ныӊ жүзеге асырған бірінші жобасы инъекциялық препарараттарды (ампулаларға салынған инъекциялық ерітінділер және күрделі инфузиялық препараттар) өндіретін цех болып табылады. Жалпы құны 40 миллон АҚШ долларына теӊ өндірістік цехтыӊ ашылуы Қазақстанда ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламаныӊ жүзеге асырылуына іргетас қалады. "Химфарм" АҚ-ныӊ барлық өндірістік алаӊдары қазіргі заманғы GMP міндетті талаптарына сәйкес келеді.

Қазіргі таӊда Шымкент қаласында орналасқан зауытта жаӊа және қолданыстағы өндірістерді құру үшін шамамен 70 миллион АҚШ доллары құйылды. Компания инновациялық өндірістерді іске қосу арқылы Қазақстан Республикасыныӊ ішкі нарығын өмірлік маӊызға ие дәрілік заттармен қамтамасыз етіп, импортты алмастыратын өнім үлесін арттыруды, сондай-ақ, ТМД елдеріне экспортталатын өнім көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. Қазіргі таӊда отандық дәрілік өндірістіӊ 50 пайыздан астамын "Химфарм" АҚ қамтамасыз етуде. Компания зарарсыздандырылмаған тұнбалар мен шәрбаттардан бастап, тек "Химфарм" АҚ зауытында ғана өндірілетін күрделі инфузиялық препараттарға дейін шығаратын, қоржынындағы өнім түрлері кеӊ Қазақстандағы жалғыз өндіруші болып табылады.

SANTO компаниясы туралы:

Santo Member of Polpharma Group - "Химфарм" АҚ (KASE: CHFM) сауда белгісі. Компания қолжетімді, жоғары сапалы дәрі-дәрмектерді әзірлеп өндіреді және Қазақстан мен Орта Азия нарықтарына жеткізеді. Компанияныӊ өндірістік қуаттылықтары жыл сайын 1,2 миллиард таблетканы, капсула мен түйіршікті, 300 миллион ампуланы және 40 миллион антибиотик құтысын, 6 миллион инфузия пакеті мен құтысын шығаруға мүмкіндік береді. Компания Қазақстанныӊ фармацевтика нарығындағы көшбасшы болып табылады, оныӊ қоржынында терапияныӊ түрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фармацевтикалық топқа жататын генериктік және түпнұсқалық 230-дан аса дәрі-дәрмек бар. SANTO - Шымкентте және Қазақстан Республикасыныӊ барлық өӊірлерінде 1000-нан аса адамды еӊбекпен қамтамасыз етіп отырған жауапкершілігі жоғары жұмыс беруші. Компания өз өнімдерін Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Моӊғолия, Түркіменстан секілді бес елдіӊ нарықтарына экспорттайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны