29.07.2016, 19:21 5050

ОҚО кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 21 мыӊнан астам адамға кеӊес берген

2012 жылы өӊірімізде «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ашылып, бүгінде бұл орталық «бір терезе» қағидасы бойынша кәсіпкерлерге жан-жақты қызмет көрсетіп, нәтижелі жұмыс атқарып келеді, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Астана. 29 шілде. Kazakhstan Today - Елбасыныӊ кәсіпкерлерге әртүрлі салаларда қызмет көрсететін орталық ашу тапсырмасына орай, 2012 жылы өӊірімізде «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ашылып, бүгінде бұл орталық «бір терезе» қағидасы бойынша кәсіпкерлерге жан-жақты қызмет көрсетіп, нәтижелі жұмыс атқарып келеді, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.
Қызметтіӊ төрт түрі бойынша көмек көрсететін бұл орталық жыл басынан бері 21 117 азаматқа кеӊес берген.
Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 6 айды қорытындылаған кәсіпкерлерге қызметі көрсету орталығыныӊ директоры Олжас Тоғаев мәлім етті.
Сонымен қатар, Кәсіпкерлік мектебінде толық оқу курсын 4И376 адам бітірсе, рұқсаттама құжаттарын рәсімдеу бойынша 2И460 адам қызмет алған.Ал маркетингтік және бизнес жоспарлау бөлімімен 892 жоба жасалып, оныӊ 574-і қолдау тауып, жалпы сомасы 1,6 млрд.теӊгеге қаржыландырылған.
«Орталық мемлекеттік қолдау және рұқсат құжаттарын алу рәсімдерін жеӊілдету мен жетілдіру бойынша әрдайым ұсынымдар жасап келеді. Осылайша, кәсіпкерлік саласында түрлі өзекті мәселелер өз шешімін жүйелі түрде тауып отыр. Мәселен, әкімшілік кедергілерді жою арқылы құжаттарды алу мерзімі 50% қысқартылды. Оныӊ ішінде газ,суды қосу үшін рұхсат құжаттарды алу бұрын 30 күн болса, бүгінде 5 күнге, ал электр қуатына қосылу 60 күннен 7 күнге қысқартылған.Тағы бір айта кететін жетістігіміз ол жер комиссиясыныӊ қорытындысын алу 90 күннен 5 күнге қысқартылып отыр»,-деді орталық директоры.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны