05.09.2016, 14:48 3534

ОҚО Қазығұрт ауданында жаӊа көпір пайдалануға берілді

Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай Қазығұрт ауданыныӊ Тұрбат ауыл округіне қарасты Тұрбат ауылы мен Қызылдихан елді мекендерін қосатын көпір құрылысы бітіп, пайдалануға берілді.

Шымкент. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай Қазығұрт ауданыныӊ Тұрбат ауыл округіне қарасты Тұрбат ауылы мен Қызылдихан елді мекендерін қосатын көпір құрылысы бітіп, пайдалануға берілді, деп хабарлады ОҚО әкімдігі.

Өткелдіӊ салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Т.Телғараев, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімі, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.

Үш мыӊнан астам халқы бар елді мекендерде бұрын-соӊды көпір болмаған. Жергілікті халық өткелді қолдан істеп, алайда ол көпір тез арада жарамсыз күйге түсіп отырған еді.

Айта кетейік, Тастақсай өзені арқылы өтетін өткелді салуға қаржы облыстық бюджеттен қарастырылған. Ұзындығы 66 метр, ені 8 метр болатын көпірде түрлі көліктердіӊ жайлы өтуіне жағдай жасалған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны