28.04.2018, 00:41 4742

ОҚО: Кентау қаласында 8,3 млрд. теӊге көлемінде инвестиция тартылады

Өткен жылы өӊірде өнеркәсіп саласында 28,1 млрд.теӊгеніӊ өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 107,2 пайызды құраған.

Шымкент. 28 сәуір. KazakhstanToday - Кентау қаласыныӊ экономикасына өткен жылы 6,5 млрд.теӊге көлемінде инвестиция тартылса, биыл ол межені 8,3 млрд. теӊгеге жеткізу көзделіп отыр. Оныӊ ішінде бюджет қаражаты есебінен - 6 млрд. теӊге және жеке қаржылар есебінен - 2,3 млрд. теӊге болмақ. Бүгін бұл туралы ОҚО өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Кентау қаласыныӊ әкімі Ибдібақыт Мақұлбаев мәлім етті.

Өткен жылы өӊірде өнеркәсіп саласында 28,1 млрд.теӊгеніӊ өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 107,2 пайызды құраған.

"Индустриалды аймақта 2 млрд. теӊгеге 8 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінде 2 жоба толық іске қосылып, 798 млн. теӊгеніӊ өнімі өндірілді. Қосымша 2 жобаныӊ құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, жыл соӊына дейін іске қосылады. Қалған 1 жобаныӊ құжаттары сараптамадан өтіп, ағымдағы жылдыӊ І тоқсанында құрылыс жұмыстары басталады. Нәтижесінде 50-ге жуық жаӊа жұмыс орындары құрылады", - деді Ибдібақыт Тілләбайұлы.

Қалған 3 жоба бойынша өӊірлік үйлестіру кеӊесіне құжаттарды тапсыру, келісу және рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 3 компания полиметалл және барит рудаларын қайта өӊдеу, өӊдіру жұмыстарын іске асыратын болады.

Сонымен қатар, "ҚР индустриалдық-инновациялық дамытудыӊ 2015-2019 жылдарға арналған" мемлекеттік бағдарламасы аясында бүгінде аймақта жалпы құны 4,4 млрд.теӊге құрайтын 5 жоба толық қуаттылыққа шығып, 5,4 млрд. теӊгеніӊ өнімі өндірілген.

Бұдан өзге, Кентау қаласында қазіргі таӊда жұмыс істеп тұрған шағын орта кәсіпкерлік субъектілерініӊ саны - 2953. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,8 пайызға өскендігін көрсетеді.

"Аталған салада өндірілген өнім көлемі 18,9 млрд. теӊгеге жетіп, 7,6 пайызға көбейген. Алдағы уақытта шағын және орта бизнес саласында 136 жобаға 422 млн. теӊге көлемінде несие беру жоспарланып отыр. Жалпы осы бағытта 700-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылатын болады", - деді Ибдібақыт Мақұлбаев. Айта кетерлігі, өӊірде өткен жылы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында қаржы институттары арқылы 259 млн.теӊгеге 95 жоба қаржыландырылып, нәтижесінде 150-ге жуық азамат жұмыспен қамтылды.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны