11.05.2014, 19:43 3595

ОҚО мен Оңтүстік Корея кәсіпкерлері бірлескен кәсіпорын құруға мүдделі

Бірінші келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар биылғы жылдың жазынан бастап қазақстандық нарыққа зерттеу жұмыстарын бастауға тоқталды.

Алматы. 11 мамыр. Kazakhstan today. ОҚО мен Оңтүстік Корея кәсіпкерлері машинақұрылысы, фармацевтика және энергетика саласында бірлескен кәсіпкерлік құратын болып келісті.

"Proton" компаниясымен машинақұрылысы саласында келіссөздер жүргізіліп, тараптар ОҚО-да бюджеттік бірлескен автокөлік жинау өндірісін құру мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің порталы.

"Біз "Proton" бюлджеттік модульді бірлескен автокөлік құрастыру ұйымы мен қазақстандық көліктердің кедендік одақ елдеріне шығаруға қызығушылық танытып отырмыз. Биылғы жылдың шілде айында біздің компанияның сарапшылар тобымен аталмыш мәселені жан-жақты талқылау үшін Оңтүстік Қазақстан облысына ат басын бұрмақпыз", - дейді "Proton" компаниясы директоры Абдул Рашид Бин Муса.

Фармацевтика саласында қазақстандық "Dolce Pharma" компаниясы мен малайзиялық "Royce Рharma" арасында бірлескен кәсіпкерлік құру туралы келісімге қол жеткізілді.

Бірінші келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар биылғы жылдың жазынан бастап қазақстандық нарыққа зерттеу жұмыстарын бастауға тоқталды.

Зерттеу қорытындысымен шығарылуы жоспарланып отырған дәрі-дәрмек түрлері анықталады. Жобаның құны 5 млн АҚШ долларынан асып түседі.

Сонымен қатар, "Jana Kuasa" компаниясы өкілдерімен келіссөздер жүргізілді. Қуаттылығы кемінде 50 МВт болатын ОҚО аумағында газ электр станциясы құрылысы туралы алдын ала келісім түзілді. Аталмыш жобаның іске асырылуы өңірдегі қуат тапшылығы мәселесін шешпек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны