19.05.2008, 14:04 1261

ОҚО Сарыағаш ауданы суармалы судың тапшылығын сезінуде - "Оңтүстік сушаруашылығы" РМК

ОҚО Сарыағаш ауданы суармалы судың тапшылығын сезінуде - "Оңтүстік сушаруашылығы" РМК

Шымкент. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданына Өзбекстаннан беріліп жатқан су көлемі егіндік алқаптарына жетіспей отыр. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Оңтүстік сушаруашылығы" РМК суды пайдалану бөлімінде хабарлады.

"Сарыағаш ауданына Өзбекстанның Зах, Ханым және Үлкен Келес үш су арнасынан жіберіліп отыр. Бүгінде Зах су арнасынан секундына 5,72 текше метр, Ханым қоймасынан секундына 3,6 текше метр құйылып отыр, ал тұтыну көлемі 6 текше метрді құрайды. Үлкен Келес су арнасынан тұтынуға қажетті 12 текше метр судың орнына секундына 8,2 текше метр су жіберілуде", - деп хабарлады суды пайдалану бөлімінің маманы.

Шардара су қоймасынан құйылып жатқан су көлемі де азайтылуда. Бүгінде одан секундына 51 текше метр су көлемі жіберілуде (былтырғы жылы секундына 816 текше метр болған), су қоймасындағы су көлемі 4 млрд 113 млн текше метрді құрайды (2007 жылы бұл мерзімде 5 млрд 399 млн текше метр болған). Сырдария бойынша секундына 450 текше метр су тасталса (2007 жылы секундына 550 текше метрі су), Қызылқұм арнасына секундына 20 текше метр су құйылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны