09.09.2016, 10:44 3043

ОҚО Түлкібас ауданында 2017 жылы түрік компаниясымен бірлескен шағын Су электр станциясы салынады

Мәселен, корпорация жетекшілігі Endustriyel Elektrik түрік компаниясымен бірлесе отырып, Түлкібас ауданында белгіленген қуаты 4 МВт, құны 6 млн. АҚШ долларын құрайтын шағын Су электр станциясын салу үшін бірлескен кәсіпорын құрды. Жобаны іске қосу 2017 жылға жоспарланған.

Шымкент. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазіргі уақытта "Шымкент" ИКК" облыста шағын гидроэнергетиканы дамытуға инвесторларды тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алғашқы нәтижелер де бар. Мәселен, корпорация жетекшілігі Endustriyel Elektrik түрік компаниясымен бірлесе отырып, Түлкібас ауданында белгіленген қуаты 4 МВт, құны 6 млн. АҚШ долларын құрайтын шағын Су электр станциясын салу үшін бірлескен кәсіпорын құрды. Жобаны іске қосу 2017 жылға жоспарланған.

Өӊірдегі төрт негізгі өзен ағыстары бойынша алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесініӊ нәтижесінде Оӊтүстік Қазақстан облысы аумағында жиынтық қуаты 120 МВт-ты құрайтын тиімді гидроэнергетикалық әлеуеті бар 43 нүкте анықталған, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Баспасөз жиынында облыс әкімдігініӊ қолдауымен жеке инвестор Сарыағаш ауданында қуаты 2 МВт болатын шағын Су электр станциясы жобасын іске асырып жатқаны, бұдан бөлек, бүгінгі таӊда 2 жоба әзірлену үстінде екені жайлы белгілі болды.

"Облыстыӊ шағын гидроэнергетикасын одан әрі дамыту, инвестициялар тарту және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында "Шымкент" ИКК" барлық мүдделі тұлғаларға өзен ағыстарыныӊ энергетикалық әлеуетін зерттеу нәтижелерін ұсынуға дайын. Сонымен қатар, Оӊтүстік Қазақстан облысы аумағында шағын Су электр станциясы жобаларын іске асыру кезінде қажетті консультациялық қолдау көрсетуге әрдайым әзір", - деп хабарлайды әкімдік.

Айта кетейік, қазіргі уақытта облыстағы кәсіпорындар мен тұрғындардыӊ электр энергиясын жылдық тұтынуы шамамен, айына 400 МВт құрайды. Оныӊ 114 МВт-ы (29%) ішкі қуат есебінен өндірілсе, 286 МВт (71%) Қазақстанныӊ басқа өӊірлерінен сатып алынады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны