29.07.2014, 19:52 7219

ОҚО-да кәсіпкерлердің 333 жобасы "БЖК-2020" бойынша субсидия алады

Субсидияланатын жобалардың несиелік портфелі 94,31 млрд теңгені құрайды.

Алматы. 29 шілде. Kazakhstan today. Оңтүстік Қазақстан облысында 2014 жылдың бірінші жартысының қорытындысымен экономиканың басым секторындағы 333 кәсіпкер "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында мемлекеттік субсидия мен кепілдік алады. Субсидияланатын жобалардың несиелік портфелі 94,31 млрд теңгені құрайды, - деп хабарлайды "Даму" қоры.

Мемлкеттік қолдау алатын кәсіпкерліктердің арасында Оңтүстік Қазақстан облысының "Шымкентмай" АҚ, "Алтын дән" ЖШС, "Рауан" ЖШС мен өзге де кәсіпкерліктер бар. Сонымен қатар, шағын жеке кәсіпкерліктер де бар.

Қолдауға іліккен барлық жобалар өңір үшін айтарлықтай әлеуметтік маңызы бар. Олардың әрқайсысы қосымша жаңа жұмыс орындарын ашып, бюджетке түсетін салық көлемін арттыруға мүмкіндік бермек.

Айта кету керек, "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында қаржылық қолдаудан бөлек қаржылық емес қолдау түрлері де көрсетіледі. Олар бастауыш және бұрыннан істеп келе жатқан кәсіпкерліктердің құзіретін арттыруға бағытталған.

ОҚО қаржылық емес қолдаулар бойынша алдыңғы қатардан көрінеді. "ШОБ" топ менеджерлерін оқыту" және "Іскерлік байланыс" секілді бағдарламалар бойынша 70-тен астам адам білімдерін жетілдірген.

Сонымен қатар, қор бөлімшесі мұнда жастарды қолдау бойынша да белсенді жұмыстар атқаруда.

"2012 жылдан бастап "Даму" қорының өңірлік бөлімшесі жанынан "Жас кәсіпкер мектебі" жобасы іске асырылып келе жатыр. Мектеп аясында Шымкентте 549 жас білімдерін жетілдірді", - деп хабарлайды қор.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны