28.04.2018, 00:50 5045

ОҚО-да мақта дәнін себу жұмыстары басталды

Айта кетейік, облыста өткен жылы 134,6 мыӊ гектар жерге егілген мақта шитінен 330 мыӊ тонна өнім алынса, Мақтаарал ауданыныӊ қырманына 219 мыӊ тоннадан астам "ақ алтын" жиналған болатын. Мақта дақылыныӊ орташа өнімділігі әр гектардан 23,1 центнерді құраған.

Шымкент. 28 сәуір. KazakhstanToday - Еліміздегі ақ мақтаны өсіретін жалғыз өӊір болып табылатын Оӊтүстік Қазақстан облысында мақта дәнін себу жұмыстары басталды. Отандық тоқыма өнеркәсібініӊ дамуыныӊ негізін құрайтын облыста биылғы жылы меже бойынша шитті мақта 100 мыӊ гектардан астам жерге себіледі деп күтілуде. Қазіргі таӊда оӊтүстікқазақстандық шаруалар 24 мыӊ гектарға мақта дәнін сеуіп үлгерген. Бүгінде мақта өсірумен өӊірдегі Арыс пен Түркістан қалалары мен Мақтаарал, Шардара, Ордабасы аудандары айналысады.

Ал еліміздегі ақ алтынныӊ отаны саналатын Мақтаарал ауданында меже бойынша мақта шиті 75 мыӊ гектарға егілу керек болса, шаруалар биыл мақта алқабын 95 мыӊ гектарға жеткізуді жоспарлап отыр. Соӊғы күндері ауа-райыныӊ құбылып, жауын-шашынныӊ жиілеп кетуініӊ салдарынан мырзашөлдік диқандар мақта дәнін себу жұмыстарын былтырғыдан 10-15 күнге кеш бастады. Соған қарамастан бүгінгі таӊда мақтаралдық шаруалар 22 мыӊ 844 гектарға мақта дәнін еккен. Сондай-ақ, ауданда 56 мыӊ гектар жер чизлденсе, 93 мыӊ гектардан астам алқап тырмаланып, тұқымдық шиттіӊ себілуіне дайындалуда.

Биыл өӊірде тұқымдық шит тапшылығы сезілген жоқ. Ақ алтын егумен айналысатын Мақтаарал ауданында 3 мыӊ тонна шит дайындалған болатын. Бұдан бөлек, ауданға Қытай мен Түркия елдерінен де тұқымдық шит тасымалдануда. Қазіргі таӊда шаруалар тұқымдық шиттіӊ келісін сортына қарай 250-300 теӊге аралығында сатып алып жатыр. Ал 1 гектар алқапқа 30 келі мақта дәні себіледі.

Айта кетейік, облыста өткен жылы 134,6 мыӊ гектар жерге егілген мақта шитінен 330 мыӊ тонна өнім алынса, Мақтаарал ауданыныӊ қырманына 219 мыӊ тоннадан астам "ақ алтын" жиналған болатын. Мақта дақылыныӊ орташа өнімділігі әр гектардан 23,1 центнерді құраған.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны