11.05.2014, 19:45 3566

ОҚО-да машина жасау саласы бойынша Қазақстан мен Корея бірлескен 3 жоба жүзеге асырылуда

Оңтүстік Кореяға ОҚО-дан бизнес делегацияның іс-сапары аясында "Оңтүстік Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігі" атты семинар өтті. Оған 20-дан астам оңтүстік қазақстандық және 100-ден астам оңтүстік кореялық компаниялар қатысты.

Алматы. 11 мамыр. Kazakhstan today. Оңтүстік Кореяға ОҚО-дан бизнес делегацияның іс-сапары аясында "Оңтүстік Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігі" атты семинар өтті. Оған 20-дан астам оңтүстік қазақстандық және 100-ден астам оңтүстік кореялық компаниялар қатысты.

Қазақстандық "ЖилСтрой Индустрия" компаниясы мен кореялық "Seolim Trading" компаниялары екі жақты кездесу аясында "Daewoo" автобөлшектерін өндіру бойынша ортақ кәсіпорын құру туралы меморандумға қол қойды, деп ОҚО әкімдігінен хабарлады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер мен "Hyundai Materials" корпорациясы басшылығы арасында іскерлік кездесу өтті. Отырыс барысында екі жаққа бірде тиімді шарт негізінде Қазақстанда кореялық техника құрастыру мәселелерді талқыланды. Тараптар бұл тақырыпта келіссөздерді бір айда тәмамдауға келісті. Сондықтан да "Hyundai" компаниясының өкілдері Оңтүстік Қазақстанға іссапармен келеді деп күтілуде.

Бұдан басқа, сапар аясында Қазақстаннан келген делегация үшін кәсіпорындарда кездесулер ұйымдастырылды. Солардың бірі "ЖилСтрой Индустрия" ЖШС мен "Daedong Industrial" компаниясы арасында өтті. Ол тракторлар және ауыл шаруашылығы техникасын өндірумен айналысады. Кездесу барысында тараптар бірлесіп ауыл шаруашылығы техникасын өндіру туралы меморандумға қол қойды.

2014 жылдың мамыр айының соңына қарай ОҚО Индустриялық аймағында зауыттың құрылысы жоспарланған. Ал, ағымдағы жылдың жаз айында облыстың жер учаскілерінде зауыт техникасын тәжірибеден өткізу көзделуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны