31.08.2016, 20:04 7724

ОҚО-да өткен "Қазақстанныӊ үздік тауары" байқауына 135 кәсіпорын қатысты

Іс-шара барысында үздік тауар өндірушілері сынға түсіп, тауар таӊбалары қолданыстағы ерекшеліктеріне қарай үш номинация бойынша іріктелді.

Шымкент.31 тамыз. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында өткен "Қазақстанныӊ үздік тауары" көрмесіне биыл 135 кәсіпорын қатысты, деп хабарлады ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Онда жеӊіл тамақ өнеркәсібінен бастап, машина жасау, құрылыс, фармацевтика, тоқыма мен қолөнер шеберлерініӊ туындыларына дейін ұсынылды. Мәселен, елімізге әйгілі, алкагольсіз сусын шығаратын "ВизИТ", "Бал текстиль" және "Назар текстиль" кілем фабрикалары, "Карлскрона" сорғыш шығаратын зауыт пен "Стандарт цемент" зауыттары, "Ордабасы құс" күрке тауық фабрикасы, костьюмдер тігетін "Golden Nomad" кәсіпорны, және т.б. ірі әрі танымал кәсіпорындар өз тауарларын ортаға салды. Сонымен қатар, кіші және орта бизнес өкілдері де өздерініӊ тауарларын халыққа паш етті.

Оӊтүстік өӊірінде шығарылатын тауарларды халыққа таныту, кәсіпкерлерді ынталандыру және орта және шағын бизнесті дамыту мақсатында өткен шараны ОҚО Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды.

Іс-шара барысында үздік тауар өндірушілері сынға түсіп, тауар таӊбалары қолданыстағы ерекшеліктеріне қарай үш номинация бойынша іріктелді. Атап айтқанда, "Халық тұтынатын үздік тауарлар" номинациясы бойынша "Азала Текстиль" ЖШС үздік атанды. Компания жылына 2800 тоннадан астам иірілген жіп, 13 млн. шаршы метр мата, 2 млн. төсек-орын тысы жиынтығы мен 7 млн. түкті өнім шығарады.

Ал, ІІ,ІІІ орынды шұлық өнімдерін шығаратын "Илем БТ" фабрикасы мен кілем шығаратын "Назар текстиль" компаниясы иеленсе, "Карлс Крона" сорғыш шығаратын зауыты "Өндірістік бағыттағы үздік тауар" номинациясы бойынша марапатталды. Осы номинация бойынша 2-ші орынды терезе және витраждарға арналған ПВХ-профильдер шығаратын "Триумф ММС" зауытына бұйырды. Ал 3-ші орынға "Батсу Водоканал" кәсіпорны лайық деп танылса, "Үздік азық-түлік тауары" номинациясы бойынша бірінші орынды макарон өнімдерімен әйгілі "Барыс-2007" иемденсе, "Амангелді", "Ладушки" кондитерлік дүкендер желілері ІІ және ІІІ орындарды алды.

Жалпы, конкурс барысында 18 кәсіпорын "Өндірістік мақсаттағы тауарлар" үздік атануға тырысса, 15 компания "Халық тұтынатын үздік тауар" өндіруші номинациясы бойынша көрмеге қатысты. Ал, 20-дан астам қатысушы "Үздік азық-түлік тауары" номинациясыныӊ иегері атануға тырысқан.

Сондай-ақ, "Халық таӊдауы", "Жыл серпіні", "Жыл бренді", "Илеуметтік маӊызы бар стартап" номинациясы бойынша да үздіктер анықталды. Бұл сатыда химиялық қоспасыз табиғы емдік шөптермен және солардан жасалған жақпаларды даярлайтын "Асыл арман", "Еврокристалл" шыны зауыты, және химиялық тазартқыш өнімдерімен танылған "Көркем дос", сондай-ақ, фитошайларды әзірлейтін "Фитофарм" компанияларыныӊ басшылары алғыс хаттармен марапатталды.

Аталмыш шараныӊ тағы бір ерекшелігі - мұнда келген тұрғындар отандық өнімдермен танысып қана қоймай, жеӊілдетілген бағамен тауарларды сатып алу мүмкіндігі берілді. Келушілерге лоторея ойындары ойнатылып, келген қонақтар бағалы сыйлықтар алды.

Кәсіпкерлердіӊ пікірінше "Қазақстанныӊ үздік тауары" жобасы сапа мен жоғары талғамныӊ белгісі болатынына сенімді. Бұл жоба кәсіпкерлерге өз ісін әрі қарай қарыштап дамыту мен инвесторлар тартуда зор көмек болмақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны