24.06.2014, 20:27 3816

ОҚО-да ҮИИД бойынша 170 жоба жүзеге асуда

ОҚО-да Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясындағы Индустриаландыру картасына Оңтүстік Қазақстан облысының жалпы құны 705,2 млрд. тг. және 21 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 170 жоба енгізілген.

Алматы. 24 маусым. Kazakhstan today. ОҚО-да Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясындағы Индустриаландыру картасына Оңтүстік Қазақстан облысының жалпы құны 705,2 млрд. тг. және 21 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 170 жоба енгізілген.

Осы күнге дейін "Сайрам Сүт" ЖШС-гі сүт өнімдерінің 20 атауын шығаратын. Былтырғы жылдың желтоқсан айында ҮИИДМБ-ның Индустрияландыру картасы шеңберінде жаңа цехтың құрылысы басталып, өнім ассортиментін 30-ға дейін жеткізу көзделген еді, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Бүгін, аталған цехтің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Өндірісті ұйымдастыру мақсатында 285 млн. тг. инвестиция тартылған. Жобаның қуаттылығы - 7200 тонна сүт өңдеп, айран, сүзбе, қаймақ және т.б. сүт өнімдерін шығарады.

Кәсіпорында 48 жаңа жұмыс орны ашылған. Өндірісте Ресей Федерациясының технологиялық құрал-жабдықтары қолданылуда. Жобаны мерзімінде жүзеге асыру мақсатында мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, компания алған несие бойынша "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемелер субсидияланды.

Айта кетерлігі жыл сайын Сайрам ауданының шаруа қожалықтары 120 мың тонна сүт шығаруда. Оның 5 пайызы қаймақ және балмұздақ өндіруге жұмсалады. Бұл компанияның өнімдері танымал брендтердің тауарларынан сапасы жоғары болғанына қарамастан 20%-ға арзан.

Жобалардың 65% ауылдық жерлерде орналасқан. Бүгінгі таңда, жалпы құны 149,2 млрд. тг. құрайтын 104 жоба жүзеге асырылып, 9073 жаңа жұмыс орындары ашылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны