23.12.2017, 16:10 5040

ОҚО-дағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығыныӊ көмегімен 2 мыӊнан астам азамат жеке кәсібін ашқан

"ONTUSTIK" Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығыныӊ көмегі негізінде ағымдағы жылы 2 мыӊнан астам кәсіпкер жеке кәсібін бастады. Нәтижесінде 3600 жұмыс орныныӊ ашылуы жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "ONTUSTIK" Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығыныӊ директоры Ғани Өмірзақов мәлімдеді.

Шымкент. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today -"ONTUSTIK" Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығыныӊ көмегі негізінде ағымдағы жылы 2 мыӊнан астам кәсіпкер жеке кәсібін бастады. Нәтижесінде 3600 жұмыс орныныӊ ашылуы жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "ONTUSTIK" Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығыныӊ директоры Ғани Өмірзақов мәлімдеді.

Оныӊ айтуынша, орталық рұқсат құжаттарын рәсімдеу аясында ағымдағы жылдыӊ 11 ай көлемінде кәсіпкерлерге 3 мыӊға жуық рұқсат құжат алынуына көмек көрсетілген.

"Бұл бағытта жылдық индикатор 2500 қызмет болып бекітілсе, жоспар 105 пайызға орындалып отыр. Биыл кәсіпкерлік негіздері курсын аяқтаған 705 кәсіпкер 2,5 млрд. теӊге көлемінде қаржы алып, өз бизнестерін дамытуға кіріскен. Қалған оқудан өткен тыӊдаушылыр құжаттарын қаржы институттарына тапсырып, қаржыландыруды күтуде", - деді Ғани Иріпұлы.

Айта кететіні, қаржыландырылған жобалар негізінен мал шаруашылығы, егіншілік пен өндіріс және қызмет көрсету салаларына бағытталған.

Бұдан бөлек, құны 1 млрд. теӊгеден астам сомаға 47 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтеріне және 196 кооператив мүшелеріне 240-қа жуық бизнес жоспар әзірленген. Нәтижесінде 47 кооператив пен 88 кооператив мүшелері жалпы сомасы 891 млн. теӊгеге қаржыландырылып отыр.

Қазіргі таӊда "ONTUSTIK" Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы көрсететін қызмет түрлерін кезеӊ-кезеӊімен цифрлық форматқа көшіру үстінде. Атап айтқанда, бүгінде кеӊес беру қызметі тесттік жүйеде онлайн түрінде іске асып келеді. 2018 жылдан бастап бірқатар қызметтерді онлайн режиміне өткізу жоспарлануда.

Орталық қызмет көрсету жүйесін бұдан әрі оӊтайландырып, жетілдіре түсу үшін ұтымды жобалар мен тиімді технологияларды енгізу жұмыстарын жандандыра түспек.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны