11.06.2018, 16:19 5256

ОҚО-дан Қытайға экспортталатын ауыл шаруашылығы өнімініӊ көлемі артады

Өз кезегінде қонақтар жыл өткен сайын Қытайда ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұраныс артып келе жатқанын жеткізді. Мәселен, бір ғана Шэньси облысы былтыр 7 млн. тонна ас майын, 8 млн, тонна сиыр етін, 5 млн. тонна қой етін тұтынған.

Шымкент. 11 маусым. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Ж.Түймебаев Қытай Халық Республикасы "Шэньси ауыл шаруашылығы экономикалық бірлестігі" компаниясыныӊ Президенті Фанг Ши Джинг бастап келген делегациясымен кездесті. Басқосуда тараптар екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайту және өӊірімізде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерін Қытайға экспорттау мәселесін талқылады.

Өӊір басшысы ауыл шаруашылығы саласыныӊ әлеуетімен таныстыра келе, облыстыӊ дайын өнімді экспорттауға деген мүмкіндігі мол екенін айтты.

"Біздіӊ облыс еліміздегі мақта талшығы мен мақта майын 100 пайыз, жеміс, көкөніс, жүзім, бақша, ет, құс еті, балық, сүт өнімдерін ірі көлемде өндіретін және сол өнімдерді республика аймағынан сыртқа экспорттаушы аймақ болып табылады. Өӊір халқыныӊ жергілікті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету теӊгеріміне сәйкес, жеміс-жидекпен 1,2 есе, көкөніспен 3,4 есеге, бақша өнімдерімен 4,6 есе, жүзіммен 5,9 есе қамтамасыз етіліп, артығы экспортқа шығарылады. Облыс экономикасыныӊ түрлі саласына инвестиция тарту өте қолайлы, оған мемлекет тарапынан қажетті жағдайлардыӊ барлығы жасалған", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Өз кезегінде қонақтар жыл өткен сайын Қытайда ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұраныс артып келе жатқанын жеткізді. Мәселен, бір ғана Шэньси облысы былтыр 7 млн. тонна ас майын, 8 млн, тонна сиыр етін, 5 млн. тонна қой етін тұтынған. Қытайлықтар сұранысқа байланысты бұл көрсеткішті 10 пайызға дейін арттыруды көздейді. Сондай-ақ, делегаттар бүгінгі күні елімізде өндірілген азық-түліктіӊ 10-нан астам түрі Қытай нарығына шығып жатқанын айта келе, тағы қосымша ұн, ет, май өнімдерін алуға мүдделі екенін мәлімдеді.

Қонақтардыӊ ұсыныстарын тыӊдап шыққан облыс әкімі сала басшыларына көрші елдіӊ экспорттық сұранысын бағытталған жұмыстарды жүйелендіруді тапсырды.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны