13.05.2014, 20:41 1561

ОҚО-ның КО елдеріне шыққан тауар экспорты соңғы 3 жылда 2,6 есеге көбейді

Шымкентте "Еуразиялық экономикалық одақ - экономикалық ынтымақтастықтың жаңа перспективалары" атты "дөңгелек үстел" өтті.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan today. Шымкентте "Еуразиялық экономикалық одақ - экономикалық ынтымақтастықтың жаңа перспективалары" атты "дөңгелек үстел" өтті.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.Оспановтың айтуынша, Қазақстанның Кеден одағы елдерімен сыртқы тауар айналымы тұрақты динамикаға ие, ол 2013 жылдың қорытындысы бойынша 24,3 млрд АҚШ долларын құрады.

Облыс деңгейіне келетін болсақ, Кедендік одақтың елдеріне Оңтүстік Қазақстан облысының 2013 жылдағы экспорты 2011 жылмен салыстырғанды 2,6 есеге өсіп, 311 млн.

АҚШ долларын құрағаны сауда жасау географиясының кеңеюінің оң нәтижесін бергенін дәлелдейді, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Атап айтсақ, 2013 жылы кеңістікпен біздің елдің сауда-саттығы 24 млрд. АҚШ долларға жеткен, экономикаға тартылған инвестиция көлемі 28 млрд. АҚШ долларын құраған, оның ішінде жүк көліктері экспорты 17 есеге, цементтің экспорты 16 есеге артқан.

"Тек Индустрияландыру картасы шеңберінде жалпы сомасы 705,2 млрд.тг. құрайтын 170 жоба жүзеге асырылуда. Оған қоса, 416 млрд.тг. құрайтын 52 жоба іске асыруға ұсынылып отыр. Бұдан бөлек, шет ел мемлекеттерінің қатысуымен сомасы 1,9 млрд.АҚШ долларын құрайтын 29 инновациялық жобалар іске асырылуда", - делінген хабарламада.

Бұл 2010 жылғы 18,8 млрд АҚШ доллары көлеміндегі көрсеткішпен салыстырғанда 29% пайызға жоғары.

Облыстың барлық аудан қалаларында Индустриалдық аймақтар құрылуда. Қазіргі таңда аймақтарды құру үшін 1175,5 га жер бөлінген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны