30.05.2014, 21:00 3591

Омбы облысында Қазақстанда өндірілген 3D панельдерден экологиялық үйлер салынады

Омбы облысында Қазақстанда өндірілген 3D панельдерден экологиялық үйлер салынады

Алматы. 30 мамыр. Kazakhstan today. Атыраулық 3D панельдер өндірушісі - "Констракшн KZ" ЖШС компаниясы - Омбы қаласының кешенді құрылысына қатысатын болады. Мұндай шешімге өткен аптада Kaznex Invest агенттігі ұйымдастырған, қазақстандық өндірушілердің Омбы қаласына жасалған сауда миссиясының нәтижелері бойынша қол жеткізілді.

Кәсіпорын Ресей федерациясының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігімен, Омбы облысының үкіметімен, Омбы облысының әкімшілігімен, "Омбы өңірлік ипотекалық корпорациясы" ААҚ-мен және "Севержилстрой-1" ЖШҚ-мен тұрғын үй құрылысының инновациялық, қуат үнемдейтін жобасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойды, деп KAZNEX INVEST хабарлады.

Тараптар 3D панельдер технологиясын пайдаланып салынатын тұрғын үйлерді пайдалануға берудің жыл сайынғы көлемін белгіледі: 2014 жылы - 20 дан 50 мың шаршы м. дейін, 2015 жылдан 2018 жылға дейін - жыл сайын 120 мың шаршы м. дейін.

Құжатқа сәйкес, "Констракшн KZ" компаниясы Атыраудағы зауыттан өнімді құрылыс алаңдарына жеткізетін болады, шеф-монтаж, техникалық бақылау үшін жауап береді, сондай-ақ жобалау барысында жобаға қатысып жатқан аумақтық жобалау ұйымдарына іс жүзіндегі жәрдем және ықпалдастық көрсететін болады.

Үш қабатты жеңілдетілген 3D панельдерді пайдаланып құрылыс жүргізудің кешенді жүйесі азаматтық, тұрғын үй және өнеркәсіптік құрылыстың сейсмикалық тұрақты, қуат үнемдейтін ғимараттар мен құрылыстарын тез әрі арзан тұрғызуды қарастырады. Құрылыстың бұл технологиясы Еуроодақ, Канада, Америка елдерінде кеңінен тараған.

"Констракшн КZ" ЖШС жеңілдетілген тұрғын үй құрылысына арналған 3D панельдерді өндіру бойынша Қазақстандағы жалғыз компания болып табылады. Өндірістік қуаты - жылына 1,2 млн. шаршы метр. Кәсіпорын Индустрияландыру картасы аясында 2010 жылы пайдалануға берілген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны