06.02.2013, 12:10 3209

Омбудсмен А. Шәкіров бастаған жұмыс тобы "АрселорМиттал Темиртау" АҚ-да болды

Жұмыс тобының мүшелері кәсіпорындағы жұмыс жағдайларымен, әлеуметтік нысандармен танысты, "АрселорМиттал Темиртау" АҚ басшылығымен, металлургтердің кәсіподақ ұйымымен және жұмысшылармен кездесті. Кездесу барысында жұмысшылар санын қысқарту, әлеуметтік кепілдіктер, кәсіпорында еңбек жөніндегі үлгілі нормативтерді қолдану мәселелері, басқа да ұйымдық-өндірістік мәселелер талқыланды.

Астана. 6-ақпан. Kazakhstan Today - Кеше, 5 ақпанда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы әлеуметтік және еңбек салаларында мониторинг жөніндегі жұмыс тобы Қазақстандағы ең ірі металлургия кәсіпорны "АрселорМиттал Темиртау" АҚ-та болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жұмыс тобының мүшелері кәсіпорындағы жұмыс жағдайларымен, әлеуметтік нысандармен танысты, "АрселорМиттал Темиртау" АҚ басшылығымен, металлургтердің кәсіподақ ұйымымен және жұмысшылармен кездесті. Кездесу барысында жұмысшылар санын қысқарту, әлеуметтік кепілдіктер, кәсіпорында еңбек жөніндегі үлгілі нормативтерді қолдану мәселелері, басқа да ұйымдық-өндірістік мәселелер талқыланды.

Омбудсмен А. Шәкіров еңбек дауларын құқықтық өріс аясында шешудің, әлеуметтік серіктестік қағидаларын сақтаудың, әкімшіліктің кәсіподақ ұйымдарымен сындарлы ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.

Жұмыс тобының кәсіпорынға бару қорытындылары бойынша әзірлеген ұсыныстары тиісті мемлекеттік органдарға жіберілетін болады, деп хабарлады Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны