02.10.2018, 14:43 4190

Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысындағы мақта теру жұмыстарымен танысты

Ол алдымен Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округіндегі "Нұралы жол" шаруа қожалығында болып, мақта теру жұмыстарымен танысты. Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев министрге өӊірдегі ауыл шаруашылы саласындағы жетістіктер мен атқарылған жұмыстарды айтып өтті.

Түркістан. 2 қазан. Kazakhstan Today - ҚР премьер-министрініӊ орынбасары-ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысындағы Жетісай және Мақтаарал аудандарына жұмыс сапарымен келді.

Ол алдымен Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округіндегі "Нұралы жол" шаруа қожалығында болып, мақта теру жұмыстарымен танысты. Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев министрге өӊірдегі ауыл шаруашылы саласындағы жетістіктер мен атқарылған жұмыстарды айтып өтті.

"Нұралы жол" шаруа қожалығы бүгінде 497 гектар жерге мақта, бақша дақылдары, жүгері және жоӊышқа еккен. Алпысқа жуық адам жұмыс істейтін шаруа қожалығыныӊ 47 техникасы бар. Жұмысшылардыӊ айлық жалақысы - 55 мыӊ теӊге. Шаруа қожалығыныӊ төрағасы Е.Ералиевтіӊ айтуынша, мақта терім науқаны ойдағыдай өтіп жатыр. "Тәуелсіздіктіӊ 20 жылдығы" каналыныӊ арқасында биыл мұнда су тапшылығы байқалмаған. Осыған орай, жетісайлық диқандар су мәселесін шешіп берген Елбасыға риза екендерін жеткізді.

Өмірзақ Шөкеев еӊ басты мәселе жерді тиімді пайдалану екенін айтты.

"Биыл осы аймақтыӊ диқандарынан су тапшылығы байқалып жатыр деген шағым түскен соӊ Елбасы Тәжікстан Президентімен сөйлесіп, қосымша су жіберілген болатын. Енді біз жерді неғұрлым тиімді пайдалануға көӊіл бөлгеніміз жөн. Ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ көлемін 5 жылда 2,5 есеге көбейту қажет. Ол үшін ауыл шаруашылығында жаӊа әдіс-тәсілдерді меӊгеріп, жұмысты күшейту керек. Өсімдіктерді химиялық емес, биологиялық жолмен қорғауды қолға алған абзал" деді.

Осы іссапарда министр мен облыс әкімі диқандармен бірге мақта теріп, Түркістанныӊ ақ алтыныныӊ сапасына жоғары бағаларын берді.

Ауыл шаруашылығы министрі одан кейін Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде орналасқан "Тәуелсіздіктіӊ 20 жылдығы" атындағы машиналық каналға барды. Мұнда ол ГНС-1, ГНС-2 арасындағы өзекті мәселе болып тұрған 9 шақырымдық бөлігініӊ су өткізу қабілетініӊ техникалық жағдайымен танысты. 2011 жылы салынған канал құрылысына 13, 523 млрд. теӊге жұмсалған. Бүгінде аталған аймақтыӊ су өткізу қабілеті төмендеген. Алдағы уақытта күрделі жөндеу жасалады деген жоспар бар. Канал 86,7 мыӊ гектар егістік алқапты ағын сумен қамтамасыз етуге қауқарлы.

Министр Асықата кентіндегі "Корпорация Ақ-Алтын" ЖШС-ніӊ мақта шикізатын өӊдеу зауытыныӊ жұмысымен де танысты. Бұл зауытта жылына 60 мыӊ тонна мақта шикізатын қайта өӊдеуден өткізіледі. Науқан кезінде 265 адам жұмыс істейді. Мұнда өндірілген өнімдер ТМД және шет мемлекеттерге жөнелтіледі. Ауыл шаруашылығы министрі осында жиын өткізіп, аудандағы мақта өӊдеу зауытыныӊ басшылары шаруа қожалықтарыныӊ төрағаларымен және трейдерлік компаниялардыӊ қатысуымен мақта шикізатыныӊ өзекті мәселелерін талқылады.

Вице-премьер одан кейін Қарақай ауылдық округіндегі "Кетебай" өндірістік кооперативініӊ егістік алқабын аралап көрді. 1996 жылы құрылған кооператив иелегіндегі 800 гектар егістік жерге мақта еккен. Мақтаны өсіруге және теруге арналған 60-қа жуық техникасы бар. Диқандармен жүздескен Өмірзақ Естайұлы Жетісайдағы мақта терімі жұмыстарына оӊ бағасын беріп, еӊбекқор тұрғындарға табыс тіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны