26.01.2016, 21:46 4057

"Оӊай" жүйесі Алматыныӊ көліктік секторына инвесторларды тартты - Б.Байбек

"Оӊай" жол ақысын төлеудіӊ электронды жүйесі қаланыӊ жеке секторына жеке инвесторлар таруға септігін тигізді, деп мәлімдеді бүгін қала әкімі Бауыржан Байбек ОКҚ брифингінде

Алматы. 26 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Оӊай" жол ақысын төлеудіӊ электронды жүйесі қаланыӊ жеке секторына жеке инвесторлар таруға септігін тигізді, деп мәлімдеді бүгін қала әкімі Бауыржан Байбек ОКҚ брифингінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бүгінде "Оӊай" бағдарламасыныӊ арқасында нарық көлемі 19-20 млрд теӊге екенін байқап отырмыз. Сәйкесінше, бұл жүйеге көшкен кезде саясаттыӊ айқындылығы көрінді", - деді Б.Байбек, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Осылайша, әкімніӊ айтуынша, қаладағы көліктік тасымалдаулар нарығыныӊ 63% алатын "Алматы электротранс" ЖШС жекеніӊ басқаруына берілді.

"Инвестор келіп, компанияны 5 жылға сатып алу құқығынсыз алды. Бұл зор тәуекел. Біріншіден, олар алғашқы жылдыӊ ішінде 1,5 млрд теӊге коммуналдық қарызды өтеуге, екіншіден, 230 млн теӊгеге жаӊа шиналар алуға міндеттелді. Үшіншіден, 33 автобусты жөндеуден өткізу қажет, бұл қосымша 280 млн теӊге. Яғни, олар 2017 жылға дейін компанияны табысқа шығаруға міндеттелді", - деді Б.Байбек.

Тағы бір инвестор, әкімніӊ мәліметінше, газбен жұмыс жасайтын 100 жаӊа автобусты сатып алуды жоспарлап отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны