02.07.2014, 20:38 3550

Өңдеуші өнеркәсіп өсуінің қарқыны бойынша Қазақстан Оңтүстік Корея мен Польшаны басып озды - И.Исекешев

"Егер де 2008 жылы 60 пайыз жөндеу мен қызмет үлесін құраса, біз темір жол жасау өсімі бірден өскендігін байқаймыз, темір жолдық машина жасау - 20 есеге, автопром - 11 есеге көбейді. Бұл мықты бірқатар сала құруға мүмкіндік берді", - деді ол.

Алматы. 2 шілде. Kazakhstan today. Өңдеуші өнеркәсіптің өсу қарқынының көрсеткіштері бойынша соңғы бес жылда Қазақстан Ресейді, Оңтүстік Кореяны және Польшаны басып озды, деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев елдің индустриалды-инновациялық дамуы бағдарламасының жобаларын іске қосуға арналған телекөпір барысында.

"Жалпы, машина жасау 2009 жылдан бері 75 пайызға, құрылыс индустриясы - 47 пайызға, химиялық сала - 28 пайызға көтерілді. Нәтижесінде, Қазақстан өңдеу экономикасының қарқынды дамуына ие болды, ол Түркия, Ресей, Оңтүстік Корея мен Польшадан кейінгі орынды иеленіп отыр", - деді И.Исекешев.

Сонымен қатар, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің (ИЖТМ) басшысы атап өткендей, шикізаттық емес экспорт пен мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық мазмұнның екі көрсеткіші бойынша кестеден қалу байқалғанын атап өтті.

"Егер де 2008 жылы 60 пайыз жөндеу мен қызмет үлесін құраса, біз темір жол жасау өсімі бірден өскендігін байқаймыз, темір жолдық машина жасау - 20 есеге, автопром - 11 есеге көбейді. Бұл мықты бірқатар сала құруға мүмкіндік берді", - деді ол.

Нәтижесінде, ИЖТМ мәліметінше, бүгінде сатылатын әрбір төртінші көлік Қазақстанда дайындалады.

Жалпы, 4,5 жыл ішінде Индустрияландыру картасы бойынша 672 жоба жүзеге асырылып, 69 мың жұмыс орны ашылды.

Оның мәліметінше, Индустрияландыру картасы жобалары тарапынан 3,2 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, экспорт құны 133 млрд теңгеге жетті. Ал экспорттағы дайын өнім үлесі 8% құрайды. Жаңадан 325 тауар түрі қосылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны