27.06.2008, 15:35 2715

Өндірістік компанияларды корпоративтік кіріс салығынан босату қажет - Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы

Өндірістік компанияларды корпоративтік кіріс салығынан босату қажет - Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы

Алматы. 27 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы өндірістік компанияларды корпоративтік кіріс салығынан босатуды ұсынады. Бұл туралы бүгін "Салық кодексінің жаңа моделі және Қазақстан бизнесі" атты конференция барысында қауымдастық президенті Талғат Акуов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Орта бизнес кәсіпорындары үшін салық ахуалын жақсарту үшін барлық кәсіпкерлерді бес жыл мерзіммен корпоративтік кіріс салығынан босату арқылы преференциялар беруді ұсынамыз", - деді Т. Акуов.

"Мысалы, біздің көршіміз -Қытайдың кәсіпкерлері корпоративтік кіріс салығынан бес жылға толық босатылған. Ал біздің кәсіпкерлер корпоративтік кіріс салығын бірден төлеуге тиіс. Еліміздегі "Инвестицияялар туралы" заң мен Салық кодексіне сәйкес, отандық кәсіпкерлер қандайбір преференция ала алмайды", -деді төраға.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны