23.10.2016, 17:00 4766

Өӊір үшін әр кәсіпорын маӊызды - Жансейіт Түймебаев

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев өӊірдіӊ индустриялық-инновациялық дамуымен танысу барысында облыстағы бірқатар өнеркәсіп орындарын аралады, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық әкімдіктіӊ ішкі саясат басқармасыныӊ ақпаратына сілтеме жасап

Шымкент. 23 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев өӊірдіӊ индустриялық-инновациялық дамуымен танысу барысында облыстағы бірқатар өнеркәсіп орындарын аралады, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық әкімдіктіӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар барысында әкім кәсіпорындардыӊ өндірістік циклдерімен және проблемаларымен танысты. Өӊір басшысы проблемаларды қолмен шешу ұстанымын таӊдады.

Икім барған бір нысан - "KarlskronaLCAB" ЖШС сорғылар мен дискілі айналма бекітпелер өндіретін зауыт болмақ. Кәсіпорынмен танысу барысында компания басшылығы зауыттағы проблемалар, атап айтқанда, кәсіби білікті мамандардыӊ тапшылығы туралы баяндады. Өз кезегінде өӊір басшысы тиісті органдарға кәсіпорынды аймақта дуальды білім беру жүйесін құру, сондай-ақ, мемлекеттік білім гранттарын белгілі бір кәсіпорынға байланыстыра отырып бөлу туралы бірқатар тапсырмалар берді.

Бұл компания кәсіпорындардағы құрал-жабдықтардыӊ жобасын жасау, өндіру, монтаждау және пайдалану кезінде өз өнімдеріне қызмет көрсетумен шұғылданатындығымен бірегей жоба ұсынып отыр.

Бұған қоса "KarlskronaLC АВ" ЖШС болат құю зауытыныӊ құрылысын аяқтап келеді, онда сорғылардыӊ негізгі бөлшектері өндірілетін болады. Соныӊ нәтижесінде сорғы өндірісі 90% жергілікті жерде шоғырланбақ.

Сондай-ақ, облыс әкімі "Azalatextile" ЖШС тоқыма фабрикасына барды. Ол нысанныӊ бірегейлігін атап өтті. Фабрика жергілікті мақтадан дайын тоқыма бұйымдарға дейінгі ақырғы өнімдер өндіретін толық циклді өндіріс болып табылады. Бүгінгі күні кәсіпорында 400 жуық адам еӊбек етуде.

Айта кету керек, "Azalatextile" ЖШС тоқыма фабрикасына бару кезінде компанияныӊ кәріз желісіне қатысты мәселе өз шешімін тапты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны