25.10.2016, 18:09 3660

Өӊірлер жобаларды қаржыландыру бойынша бар мүмкіндіктерін пайдаланбайды - Бишімбаев

Өӊірлер МЖИ шеӊберінде инвестицияларды тарту жұмысын жандандырғандары жөн, деді Қ.Бишімбаев.

Астана. 25 қазан. KazakhstanToday - Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысы барысында өӊірлерді дамытудыӊ проблемалық мәселелеріне тоқталды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Өӊірлер МЖИ шеӊберінде инвестицияларды тарту жұмысын жандандырғандары жөн, деді Қ.Бишімбаев.

"Жергілікті атқарушы органдар 64 проблемалық мәселе енгізді, оныӊ ішінде 27 мәселе республикалық бюджеттен 222,7 млрд. теӊге сомасына қаржыландыруды талап етеді. Проблемалық мәселелердіӊ басым көпшілігі көлік инфрақұрылымы саласына қатысты (78,2 млрд. теӊге). Сондай-ақ өӊірлер инженерлік инфрақұрылымды (49,2 млрд. теӊге), сумен жабдықтауды (38,4 млрд. теӊге), өнеркәсіпті дамытуды (34,2 млрд. теӊге), қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайларға қарсы іс-қимылды (11,7 млрд. теӊге), білім беруді (9,6 млрд. теӊге), денсаулық сақтауды (1,2 млрд. теӊге), ветеринарияны (0,2 млрд. теӊге) қаржыландыруды сұрайды" - деп хабарлады Бишімбаев.

Көлік инфрақұрылымы бойынша 5 өӊір 78,2 млрд. теӊге сомасына қаржыландыруды қажет ететін проблемалық мәселелерді енгізді. Алматы облысыныӊ әкімдігі еӊ ірі жобаны (Алматы қаласыныӊ 6 көшесін ҮАААЖ-ға кіргізу) ұсынып отыр - ол 59,0 млрд. теӊге. Бұл жобаны "ҮАААЖ-ныӊ құрылысы аяқталғаннан кейін қарауды орынды деп есептейміз. Атырау облысыныӊ әкімдігі 2016-2018 жылдары 11,3 млрд. теӊге сомасына қаржыландыру үшін тағы бір ірі жобаны ("Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз" облыстық жолын жөндеу, 123 км) ұсынып отыр. Батыс Қазақстан облысы облыстық жолдарды жөндеуге республикалық бюджеттен жыл сайын 7 млрд. теӊгеден бөлуді сұрайды. Қызылорда облысы әуежайды жаӊғыртуға 0,8 млрд. теӊге сұрап отыр" - деп хабарлады министр.

Инженерлік инфрақұрылым бойынша 5 өӊір 49,2 млрд. теӊге сомасына қаржыландыруды талап ететін жобаларды ұсынып отыр. Еӊ ірі жобалар - Астана қаласында ІІД-ніӊ жеке құрамын орналастыруға арналған объектілерді салу (21,7 млрд. теӊге), Алматы облысы Нұркент жаӊа қаласыныӊ инженерлік инфрақұрылымын салу (11,3 млрд. теӊге), Қызылорда облысыныӊ 3 елді мекенінде газ жүргізу - газ бұру құбыржолдарын, АГТС және орамішілік желілерді салу (11,2 млрд. теӊге).

Сумен жабдықтау бойынша 2 өӊір (Алматы және Батыс Қазақстан облыстары) 38,4 млрд. теӊге сомасына 4 жобаны ұсынуда. Бұл - 126,7 мыӊ га суармалы жерлерді айналымға тарту, Алматы облысында су қоймаларын салу және реконструкциялау және Батыс Қазақстан облысыныӊ ауылдарын сумен жабдықтау бойынша 27 жоба.

Өнеркәсіп саласында Павлодар облысында 34,2 млрд. теӊге сомасына көмірдіӊ циклдық-ағымдық технологиясы бойынша тек бір жоба бар.

Бишімбаев өӊірлер жобаларды қаржыландыру үшін қаражат іздестірудіӊ барлық қолда бар мүмкіндіктерін пайдаланбайтынын атап өтті.

"Өӊірлердіӊ әкімдіктеріне мектепке дейінгі балалар мекемелерін салу, әуежайларды жаӊғырту сияқты жобалар бойынша МЖИ тетіктері шеӊберінде жеке инвестицияларды тарту жұмысын жандандыру қажет деп санаймыз. Жекелеген жобалар бойынша, мысалы өӊіраралық, суару жүйелерін салу, әуежайларды жаӊғырту бойынша қаражатты халықаралық қаржы ұйымдарыныӊ (ХҚҰ) қарыздары есебінен іздестіруді орынды деп есептейміз" - деді министр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны