11.02.2010, 15:29 2762

Өңірлерге берілгеннен кейін ИКК ақшасы нақты жобаларды жүзеге асыруға жұмсалуы тиіс - мәжіліс депутаты

Өңірлерге берілгеннен кейін ИКК ақшасы нақты жобаларды жүзеге асыруға жұмсалуы тиіс - мәжіліс депутаты

Павлодар. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Өңірлерге берілгеннен кейін ИКК ақшасы нақты өңірлік жобаларды және "Бизнестің жол картасы - 2010" атты бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыруға жұмсалуы тиіс. Бұл туралы бүгін Павлодарда мәжіліс депутаты Тито Сыздықов журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"ИКК ақшасы жеке бюджеттік бағдарламаға шығарылып, "Бизнестің жол картасы - 2010" бағдарламасын жүзеге асыруға жұмсалуы тиіс. Біз бұл туралы Павлодар облысының әкімімен әңгімелестік. Бұрынғы Илеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларға қатысты ащы тәжірибе ендігі жерде ескеріледі деп ойлаймын", - деді Т. Сыздықов.

Мәжіліс депутаты бұған қоса атап өткендей, " "Ертіс" Илеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының балансын Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары арасында бөлу процедурасы шамамен жарты жыл уақытты алады".

"Мәселен, менің туған жерім - Павлодар облысы үшін "Ертіс" Илеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы бір шеге де қаққан жоқ. Бүгінде Павлодарда жеке Илеуметтік кәсіпкерлік корпорация құрылады. Кезінде "Ертіс" Илеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына берілген барлық активтер қайтарылады және облыс әкімдерінің басшылығымен бұл ақша, президенттің өз жолдауында айтқанындай, кәсіпкерлікті дамытуға серпін беруге тиіс", - деп атап өткен мәжіліс депутатының айтуынша, "өңір басшылары жергілікті жерлерде ақша-қаражаттың пайдаланылу тиімділігін жіті қадағалауға тиіс".

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Ертіс" Илеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының қызмет аймағына Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары кірді. Корпорацияға Өскемен және Семей қалаларының әуежайларының, "Семей-Авиа" әуе компаниясының, Павлодар трамвай басқармасының, Қашыр балық питомнигі мен басқа да нысандардың активтері берілді.

"Илеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың құрылуына мен кезінде қарсы шыққам. Неге дейсіз ғой? Өйткені, Илеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар арқылы жергілікті атқарушы билік органдарының рөлі, нақты атап айтсақ, өңірлердің экономикалық дамуы мәселелеріндегі рөлі төмендетілді. Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарына бір ғана ИКК құрылды. Ол екі облыстың ешқайсысына да бағындырылмады. Ақыр аяғында Илеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар бюджеттен ақшаны алып, оны екінші деңгейлі банктерге орналастырып, дивиденд есебінен күн кешті. Ал Павлодар облысының дамуы үшін ештеңе жасамады. Ресурстар, пайдалы қазбалар, бірқатар бос тұрған нысандар тағы басқалары соларға берілді", - деді Т. Сыздықов. Оның айтуынша, "соңғы рет бюджеттен Илеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларға қосымша ақша бөлу мәселесі қарастырылған кезде оны қолдамайтынын ашық айтқан".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны