11.06.2014, 20:05 3284

Өңірлік даму министрлігі 2014 жылдың соңына дейін Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің реестрін іске қосады

Өңірлік даму министрлігі 2014 жылдың соңына дейін Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің реестрін іске қосады

Алматы. 11 маусым. Kazakhstan today. ҚР Өңірлік даму министрлігі Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің реестрін іске қосатыны туралы хабарлады.

Реестрге жеке кәсіпкерлік субъектілерінің категориясы бойынша барлық мәліметтер жинақталатын болады. Өңірлік даму министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту комитеті қызығушылық танытқан тұлғаларға және мемлекеттік органдарға жеке кәсіпкерлік субъектілері турасында мәліметті электронды форматта береді.

Сонымен қатар аталмыш мәлімет ведомствоның ресми сайтына да (www.minregion.gov.kz) орналастырылады.

Айта кетерлік жайт, Реестрдің мәліметін пайдалану статистикалық мәліметтердің дәл болуына септігін тигізеді. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мұндай есеп жүргізілмеген болатын.

Сонымен қатар, аталмыш Реестр мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттырады.

Оның үстіне, ол заңнамалық нормаларды пайдалану арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелін төмендетуге де септігін тигізеді.

Алдағы уақытта "Жеке кәсіпкерлік субъектілері рессетрінің" электронды базасын жасақтау көзделуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны