Система Orphus

Өңірлік даму министрлігі 3-4 санаттағы тұрғын үй құрылысы құнына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр

14.01.2014, 19:45 2190

Алматы. 14 қаңтар. Kazakhstan today. Министрлік "Қолжетімді тұрғын үй-2020" Бағдарламасына 3 және 4 санатты тұрғын үйлер құнын ұлғайту бойынша норма қарастырылған өзгерістер мен толықтырулар жобасын жасады, деді бүгін өткен Үкімет отырысында ҚР өңірлік даму министрі Болат Жәмішев.

"4 санат бойынша құрылыс құнын ұлғайту нормасы-1 шаршы метрге 80-нен 90 мың теңгеге дейін, 3 санат бойынша 90-нан 100 мың теңгеге дейін. Ал құрылыс корпорациялары бойынша 4 санат бойынша 110-нан 115 мың теңге, 3 санат бойынша 120-125 мың теңге болады",-деді министр.

Бұдан басқа, жергілікті бюджет қаржысын, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін тартуда бірлесіп қаржыландырудағы шектеулерді жою қарастырылмақ.

Оның сөзіне қарағанда, мұндай шаралардың бүгінгі күні 1 шаршы метр тұрғын үй құнының құрылысқа кеткен нақты шығынға сәйкес келмейтінімен тікелей байланысты болуында.

Министрлік жанынан құрылған жұмыс тобы "Астана қала жобасы" ЖШС институттары мен "ҚазҚСҒЗИ" АҚ құрылыстағы бағаны белгілеу орталығын тарта отырып, мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен бұл мәселелер бойынша зерттеу-талдамалар жүргізді.

"Аталған институттар жайлылығы 4 санаттағы екі 5 қабатты тұрғын үй құрылысының бағасын есептеп, дайындады: бұлар Астана мен Петропавловск қалаларының тәжірибесі негізіндегі қолданыстағы сметалық-нормативтік база бойынша кірпіш және каркасы тұтас құйылған "сыртқы желілерсіз және жайластырылмаған) үйлер"-деп нақтылады ведомство басшысы.

"Сонымен, талдау көрсеткендей, кірпіштен салынған тұрғын үйдің 1 шаршы метрі бойынша 2011 жылы пәтер 90,8 мың. теңгені құраса, 2013 жылы 102,8 мың. теңге болды.Каркасы тұтас құйылған үй жобасының зерттеу-талдау көрсеткендей мұндай үй пәтерінің бағасы 2011 жылы 105,7 мың. теңге, 2013 жылы 112,2 мың теңге құрады",-деп хабарлады Б.Жәмішев.

Министрдің айтуынша, соңғы үш жылда елімізде тұрғын үй құрылысы артуының негізгі себебі жалпы құрылыстың 7 ден 10 пайызға дейінгі шығынына келетін энергияның тиімді технологиясын қолдану, жұмыскерлер еңбек ақысының 25 пайызға өсуі, құрылыс материалдарының 8 пайызға және техника мен механизмдерді пайдаланудың 3 пайызға қымбаттауы.

Көрсетілген бағдарламаға өзгерістер қазіргі кезде мемлекеттік органдарда келісімін күтіп жатыр.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны