09.06.2014, 19:45 2723

Өңірлік индустрияландыру картасына енгізу үшін СҚО-дан 2 жоба мақұлданды

"Өңірде Индустрияландыру картасына жалпы инвестиция көлемі 38,2 млрд теңге болатын 31 жоба қамтылған. Соның ішінде 26,6 млрд теңгелік 28-і енгізілді", - дейді облыс әкімі Ерік Сұлтанов.

Алматы. 9 маусым. Kazakhstan today. 2014 жылы Өңірлік индустрияландыру картасына енгізу үшін Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі СҚО-нан құны шамамен 1 млрд теңге болатын 2 жоба мақұлдады.

"Өңірде Индустрияландыру картасына жалпы инвестиция көлемі 38,2 млрд теңге болатын 31 жоба қамтылған. Соның ішінде 26,6 млрд теңгелік 28-і енгізілді", - дейді облыс әкімі Ерік Сұлтанов.

Аталмыш кәсіпкерліктер жұмысы тек өткен жылдың өзінде 20 млрд теңгенің өнімін өндіруге мүмкіндік берді. Бұл жалпы өңірдегі өндеркәсіптік өндірістің 13%-ын құрайды", - деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Биыл облыстағы жалпы өнеркәсіптік өндірістегі жобалардың үлес салмағы 14,6%-ға дейін өсіп, ал өңдеуші өнеркәсіпте бұл көрсеткіш 20,6% артты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны