13.02.2012, 15:22 3736

Өңірлік үйлестіру кеңесі ақтөбелік кәсіпкерлердің 4 жобасын мақұлдады

Өңірлік үйлестіру кеңесі "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы аясында несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша қарастырауға берілген ақтөбелік кәсіпкерлердің кезекті 4 жобасын мақұлдады.

Ақтөбе. 13-ақпан. Kazakhstan Today - Өңірлік үйлестіру кеңесі "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы аясында несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша қарастырауға берілген ақтөбелік кәсіпкерлердің кезекті 4 жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Өңірлік үйлестіру кеңесі "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы аясында несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша қарастырауға берілген ақтөбелік кәсіпкерлердің кезекті 4 жобасын мақұлдады.

"Даму" КДҚ" АҚ бөлімшесінің бас менеджері Берік Нұрғалиевтің сөзіне қарағанда, барлық 4 жоба қызметті кеңейту үшін көлікті және түрлі техниканы сатып алумен байланысты.

Мәселен, "Бұр-Най" ЖШС қызметін кеңейту мақсатында арнайы техника мен көлік алуда. Шектеулі серіктестікте 90 адам жұмыс істейді, сонымен қатар жобаны іске асыру барысында қосымша 10 жұмыс орны құрылатын болады.

220 млн. теңгеге, (оның 200 млн. теңгесі қарызға алынса, 20 млн. теңгесі жеке қаражат есебінен) 4 автокран, 5 КамАЗ және 6 МАЗ екі доңғалақты тіркемесін сатып алу жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны