28.04.2018, 00:28 3396

Онлайн-несиелеу саласы қарыз алушылардыӊ мүддесін ескеруі тиіс - "Атамекен"

"Атамекен" пікірінше тұрғындардыӊ қаржылық сауатталығын арттыруда ҚР Қаржы министрлігі мен Ұлттық Банкке кешенді шаралар қабылдау керек. Талдау нәтижесі корсетіп отырғандай, Қазақстан азаматтарыныӊ каржылық сауаттылығы корсеткіші 40%-ды құрайды. Бұл Кения, Сенегал, Танзания, Замбия сынды елдердіӊ деӊгейіне теӊ көрсеткіш.

Астана. 28 сәуір. KazakhstanToday - "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы онлайн-несиелеуге қатысты ҚР Ұлттық Банкініӊ заӊнамалық бастамаларын қолдайды.

Соӊғы жылдары Қазақстанныӊ тұрғындары мен шағын бизнес өкілдері онлайн-несиелеу ұйымдарыныӊ қызметіне жиі жүгіне бастаған. Илемдік тәжірибе мұндай кәсіпкерлік қызметке сұраныс артқанын көрсетіп отыр.

Еліміз бойынша онлайн-несиелеуде жылдық мөлшерлеме көлемі 1000%(!)-ға дейін жеткен. Алайда жедел несиелеу бойынша қарыз алушылардыӊ құқықтық қорғалуына кепілдік қарастырылмаған. Мәселен, 60 мыӊ теӊге көлемінде онлайн-несие алып, оны уақытында өтей алмай, нәтижесінде қарыз сомасын 1,2 млн теӊгеге дейін өсіріп алған азаматтар да көп.

Бірінші несие бюросыныӊ деректеріне сүйенсек, 2017 жылы елімізде онлайн-несие қызметіне 248 мыӊ адам жүгінген. Алайда қарыз алушылардыӊ көбі шарт талаптарын орындай алмаған. Мұндай тұтынушылар қолданыстағы заӊнама шеӊберінде өз мүдделерін қорғай алмайды.

Бұл мәселені шешу үшін Ұлттық Банк онлайн-несие алу бойынша үлкен пайыздарды шектейтін әрі айыппұлдардыӊ көлемін несие сомасынан 10%-ға дейін азайтуға бағытталған заӊ жобасын ҚР Парламенті Мәжілісініӊ қарауына жіберді. Өз ұсынысында Ұлттық Банк халықаралық тәжірибеге сай реттеу құралдарын ұсынуда.

"Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы онлайн-несиелеу бойынша әлемдік тәжірибені ескере отырып, несие мөлшерлемесі бойынша шектік мәнді анықтауға қатысты Ұлттық Банктіӊ бастамасын қолдайды.

"Ұлттық Банктіӊ бастамасы, біріншіден, бұл қызметтіӊ көлеӊкеге кетпеуіне, екіншіден, халыққа сапалы әрі төмен пайызда қызмет көрсетуге бағытталған", - деп мәлімдеді "Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Алматы қаласында өткен Кәсіпкерлердіӊ жыл сайынғы конференциясында .

Сонымен қатар "Атамекен" ҚР ҰКП өкілдері жедел несие беретін ұйымдардыӊ қызметіне ашықтық керек екенін алға тартуда. Бұл өз кезегінде Ұлттық Банк ұсынып отырған шектеулер аясында бизнестін бұл түрініӊ нарықтағы тиімділігін анықтауға көмектеседі.

"Атамекен" пікірінше тұрғындардыӊ қаржылық сауатталығын арттыруда ҚР Қаржы министрлігі мен Ұлттық Банкке кешенді шаралар қабылдау керек. Талдау нәтижесі корсетіп отырғандай, Қазақстан азаматтарыныӊ каржылық сауаттылығы корсеткіші 40%-ды құрайды. Бұл Кения, Сенегал, Танзания, Замбия сынды елдердіӊ деӊгейіне теӊ көрсеткіш.

"Тalap" қолданбалы зерттеу ортылығыныӊ талдау нәтижелеріне сәйкес, көптеген дамыған елдерде несиелердіӊ пайыздық мөлшерлемесіне шектеу қойылған. Мәселен, АҚШ-та несие берудіӊ жылдық тиімді мөлшерлемесі 36%-дан аспайды. Ал Германияда қылмыстық кодекс талаптарына сәйкес несие көлемінен 2 есе жоғары мөлшерлемеде несие беруге тыйым салынған және мұндай әрекеттер адамдарды табыс табу мақсатында пайдалану деп бағаланады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны