23.06.2015, 14:01 3746

"Online Expo-2017" байқауыныӊ қатысушылары өздерініӊ өнертабыстары туралы айтып берді

Қазақстандық инноваторлар энергия тиімділігі және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты өз шешімдерін ұсынуда. "Online Expo-2017" байқауына қатысушы отандық өнертапқыштар дәстүрлі энергетиканыӊ баламалары және табиғатқа күтіммен қараудыӊ жолдары әрқашан қымбат және пайдаланылуы қиын болуы шарт емес дегенге сенімді. Қазірдіӊ өзінде Қазақстанда іс-тәжірибе жүзінде пайдаланылып жатқан отандық жобалар осыған айғақ

Астана. 23 Маусым. Kazakhstan Today - Қазақстандық инноваторлар энергия тиімділігі және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты өз шешімдерін ұсынуда. "Online Expo-2017" байқауына қатысушы отандық өнертапқыштар дәстүрлі энергетиканыӊ баламалары және табиғатқа күтіммен қараудыӊ жолдары әрқашан қымбат және пайдаланылуы қиын болуы шарт емес дегенге сенімді. Қазірдіӊ өзінде Қазақстанда іс-тәжірибе жүзінде пайдаланылып жатқан отандық жобалар осыған айғақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

23 маусым күні ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарушы директоры С.Т. Рақымбекованыӊ, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Контент және тұрақты даму жөніндегі департамент директоры А.М. Мараттыӊ қатысуымен "ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесініӊ тақырыптық мазмұны туралы" тақырыпқа арналған брифинг өтті. Сондай-ақ, брифингке "Online Expo-2017" байқауына қатысып отырған қазақстандық ғылыми-техникалық жобалардыӊ авторлары қатысты. "Жасыл" инновациялар мен жобаларды іріктеп алуға арналған "Online Expo-2017" республикалық байқауы ЭКСПО-2017 көрмесінде еӊ үздік жұмыстары көрсетілетін ғалымдар, өнертапқыштар мен инновациялық кәсіпкерлерге арнап өткізіледі.

"Байқаудыӊ басты мақсаты - отандық өнертапқыштарды өз жұмыстарымен таныстыруға, ноу-хауларымен бөлісуге ынталандыру. Байқау оларға өз жобаларын жүзеге асыру үшін инвесторлар табуға өте жақсы мүмкіндіктерді ұсынады. Бұл ынтасы жоғары өнертапқыштарға новаторлар ретінде өздерін танытып, "гаражда жасалған өнертабыстар" деп аталатын дүниелердіӊ дамуына қозғау салады", - деп атап өтті Салтанат Рахымбекова, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарушы директоры. Осы ретте байқауда жоғары технологиялық және көп еӊбектi қажетсiнетiн жобаларға қоса, қоғам үшiн үлкен маӊызға ие қолжетiмдi әрi орындап шығарылуы оӊай қарапайым әзiрленiмдер де ұсынылып отыр.

Байқауға қатысушылардыӊ бірі, Қостанайдыӊ биологы Валентина Ободовская мамықты түзбейтін теректі сұрыптап шығарды. Осы теректер отырғызылған саяжол Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебі аумағында қазір жайқалып өсуде.

"Қазіргі таӊда теректерді олардыӊ мамығына байланысты көбісі отырғызғысы келмейді немесе бұл ағаштарды кесіп тастайды, мұндай әрекетке баруға мүлдем болмайды, өйткені терек ауадағы ластануларға еӊ төзімді ағаш болып табылады. Терек автокөліктерден, өндірістен шығатын газдардыӊ, зиянды заттардыӊ орасан зор көлемдеріне төзімді келеді. Меніӊ терегімніӊ қарапайым теректен ешқандай айырмашылығы жоқ, алайда ол өзінен мамық бөлмейтіндіктен, оныӊ берер пайдасы көбірек", - деп атап өтті Валентина Ободовская.

Арман Ақмұханов "Шыӊғысхан" атты жел қондырғысын ойлап тапты. Механизмі балалардыӊ ойнайтын зырылдауығына ұқсатып бірегей тәсілмен құрастырылғандығыныӊ арқасында "Шыӊғысхан" қондырғысы желдіӊ кез келген күшінде электрді өндіре алады. Қондырғыныӊ өзініӊ құны 30 000 АҚШ долларынан аспайтын болады, осы ретте шетелдегі осыған ұқсас қондырғылардыӊ бағасы шамамен 350 000 АҚШ доллар тұрады. Қазiр Қазақстаннан шыққан әзiрленiм АҚШ Мемлекеттiк департаментi қаржыландыратын "GIST TECH-I" Инновациялар халықаралық байқауындағы еӊ үздiк 15 стартап-жобаныӊ iшiне кiрдi. Байқауға әлемніӊ 74 елінен кәсіпкерлер қатысуда.

Көптеген елдердіӊ алдында қазіргі күні сынаптыӊ әсерінен болатын ластану аса өткір экологиялық мәселе болып отыр. Құрамында сынабы бар енді ары қарай жұмыс жасауға жарамсыз болып қалған аспаптар мен бұйымдар осындай ластануға әкелетін себептердіӊ бірі болып табылады. "Жер, металлургия және байыту туралы ғылымдар орталығы" АҚ-ныӊ Вакуумдық процестер зертханасыныӊ меӊгерушісі Сергей Требухов осындай шамдарды кәдеге жаратудыӊ экологиялық қауіпсіз тәсілін ойлап шығарды.Қазіргі таӊда жоба "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ-нан грант алған. Енді инноваторлар өнертабысты келешекте өнеркәсіпте пайдалануға мүмкіндік беретін өндірістік телімді "Астана - Жаӊа қала" Еркін экономикалық аймағында салуда. Кәсіпорын жылына 1,5 миллионға жуық шамды кәдеге жарата алатын болады деп жоспарланып отыр.

ЭКСПО қарсаӊында ұйымдастырылып отырған байқау инноваторларға өз жобасын жариялауға үшін жақсы мүмкіндік болып табылады. Қазіргі күні "OnlineExpo-2017" байқауына қазақстандықтардыӊ атынан шамамен 450-дей өтінім келіп түскен. Осындай байқау ЭКСПО-2017 көрмесі басталғанға дейін жыл сайын өткізілетін болады, оныӊ қорытындысы бойынша 2015, 2016 және 2017 жылдары өтетін Болашақ энергиясы форумы шеӊберінде Шағын ЭКСПО көрмесін өткізу жоспарланып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны