08.02.2008, 13:05 2812

"Оңтүстік" арнаулы экономикалық аймағындағы екі инвестор өз нысандарын сала бастады

"Оңтүстік" арнаулы экономикалық аймағындағы екі инвестор өз нысандарын сала бастады

Шымкент. 8 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Oxi textil және "Хлопкопром целлюлоза" компаниялары "Оңтүстік" арнаулы экономикалық аймағында өнеркәсіптік нысандарды тұрғызудың нольдік цикліне кірісті. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Оңтүстік" арнаулы экономикалық аймағының директоры Сергей Цой мәлім етті.

"Екі компания жұмысқа кірісіп кетті. Олар топырақ пен геодезияны таңдауға кірісті. Ал көктемде жоспарлық шешімдер мен құрылыс-монтаж жұмыстарын бастайды", -деді С. Цой. Оның айтуынша, Oxi textil және "Хлопкопром целлюлоза" компанияларын былтыр Қазақстан Даму банкінің еншілес банкі болып табылатын "БРК Лизинг" компаниясы қаржыландырған.

С. Цойдың хабарлауынша, қазір "Оңтүстік" арнаулы экономикалық аймағы дирекциясының қызметкерлері құрал-жабдықтар мен құрылыс материалдары бағасының жалпы қымбаттауына байланысты аймақтағы нысандардың құрылысын аяқтауға арналған сметаның түзетуін есептеуде. Мәселен, директордың орынбасары Валерий Кимнің айтуынша, жоғары кернеулі шағын станцияны салуға бұрынғыдан 300 млн теңге артық ақша, ал сыртқы желілерді тартып бітіру үшін қосымша 600 млн теңге қажет болмақ.

"Барлық нысандарда жұмыстар жүргізілуде. Темір жол 80 пайызға, ал кіші станция 70 пайызға дайын. Тек қана трансформаторлар алу қажет. Автокөлік жолдары 90% тартылды, енді тек қаптамасы ғана қалған. Күн райының ахуалына байланысты үлгермедік. Асфальт төселсе - жол дайын. Ал суға келсек, құбырлар тартылып, насосты станция салынып жатыр", - деді В. Ким.

Алайда, директор орынбасарының айтуынша, ішкі желіні тарту жұмыстары әзірге қолға алынған жоқ және оған "бір тиын да бөлінген жоқ". Бұл жұмыстардың құны шамамен 2 млрд 300 млн теңгені құрайды.

"Егер бізге инфрақұрылымға арналған ақшаны былтыр толық бөлсе, біз жұмыстарды толық аяқтап шығар едік. Қазір ақшаның бөлінуіне қарай жұмыс істеп жатырмыз. Егер биыл ақшаны толық бөлсе, онда жұмыстар аяқталады. Біздің мердігерлеріміз дұрыс, ниет бар, бар мәселе қаржыға келіп тіреледі", - деді В. Ким.

""Оңтүстік" арнаулы экономикалық аймағы -Оңтүстік Қазақстанның, нақтырақ айтсақ, Шымкент қаласының болашағына қажетті аса маңызды фактор. Келешекте мұнда өнеркәсіптік маңызы бар шағын қала болуға тиіс. Қазір Сайрам ауданының әкімшілігімен біздің аумаққа жапсврлас жатқан қосымша жер бөлу жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр, өйткені, инвесторлар жеке баспаналар, жатақханалар мен кейбір сервистік кәсіпорындар сала алауы керек", -деді С. Цой.

Қазіргі жағдаймен арнаулы экономикалық аймағының аумағында екі кедендік бекет пен салық қызметі жұмыс істеуде.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, "Оңтүстік" АЭА мақта-тоқыма кластерін қалыптастыру мақсатында 2005 құрылған. Жоспар бойынша, аймақтың территориясында жиырмадан асатын тоқыма және жіп иіру кәсіпорындары бой көтеруге тиіс. Бұдан бұрын хабарланғанындай, алғашқы кәсіпорындар 2007 іске қосылады деп айтылған, алайда бұл есеп расталмады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны