08.04.2008, 14:04 3453

"Оңтүстік" ЭЕА қаржы тапшылығынан электр желілерін тарту жұмыстары кешіктіріліп жатыр

"Оңтүстік" ЭЕА қаржы тапшылығынан электр желілерін тарту жұмыстары кешіктіріліп жатыр

Шымкент. 8 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Оңтүстік" еркін экономикалық аймақта ішкі алаңдар мен онда орнатылатын электр желілерінің қаржылық тапшылық көлемі 3,9 млрд теңгені құрап отырғандықтан, бүгінгі күні желілерді тарту жұмыстары жүргізілмей отыр. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Оңтүстік" ЕЭА директоры Сергей Цой хабарлады.

" Oxi textil және "Хлопкопром целлюлоза" екі текстильдік фабриканың құрылысы қарқынды жүріп жатыр, бірақ егер біз алаңдар аралығында электр желілерін, газ , суды уақтылы өткізбейтін болсақ, онда кәсіпкерлер құрал- жабдықтарды орнату жұмыстарына кірісе алмайды ", - деді С. Цой.

"Оңтүстік" ЕЭА директорының айтуынша, биылғы жылы ЕЭП әкімшілігі биылғы жылыжұмыстарды жүргізу үшін бюджеттен қаржыны алған жоқ. Бұдан бұрын хабарланғанындай, "Оңтүстік" ЕЭА электр желілерін тарту жұмыстарың басым бөлігі қаржыландырылғанымен оны аяқтау үшін қаржы қажет. Алаң аралық желілерді тартуға қаржы мүлдем бөлінбеген.

"Кәсіпкерлер "БРК-Лизингтен" лизингтік несие алған. Бұл оңай шаруа емес. Олардың әр қайсысы бір жылдай өздерінің жобаларының жүзеге асыруға мүмкіндігінің барын дәлелдеп, облыс әкімі өзінің қорытындысын берді. Енді олар несиелерін алды, артқа шегінуге жол жоқ, олар бір орынды таптап тұра алмайды, айып пұл, төлемдер алынады. Құрал- жабдықтар да тапсырылды, олар мамыр-маусым айларында жеткізіледі. Су, газ, электр қуатын мейлінше тездетіп өткізу керек", - деп мән жайды түсіндірді С. Цой.

"Оңтүстік" ЕЭА директорының айтуынша "егер сәуір айында үкімет біздер үшін қаржы бөлетін болса, онда олар барлық деңгейден өткізіліп мамыр -маусым айында ғана түседі. Жыл соңына дейін біз алаң аралық желілерді толық тапсыратын боламыз. Мұндай жағдайда қырқүйекке дейін құрылыстары жүргізіліп жатқан фабрикаларды электр қуатымен қамтамасыз етіп, онда құрал- жабдықтарды орнату, іске қосу, құрылыс жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік болады " деп есептейді ЕЭА басшысы.

"Кәсіпкерлер біздерге үлкен үміт артып отыр. Қазіргі кезде олар жағдайы жоқ дәрежеде құрылыстарды жүргізуде. Бұл батылдықтың белгілі", -деді С. Цой.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, "Оңтүстік" ЕЭА мақта-текстильдік кластерін құру мақсатында 2005 жылы құрылды. ЕЭА аймағында оншақты жіп иіру текстильдік кәсіпорны орналасады деп болжамданған. Бұрын айтылғанындай, бірінші кәсіпорындар 2007 жылы ашылады деп хабарланған алайда жоспар орындалмады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны