20.05.2008, 11:39 1836

"Оңтүстік" еркін экономикалық аймақ құрылысының аяқталуы тағы да кейінге шегерілді

"Оңтүстік" еркін экономикалық аймақ құрылысының аяқталуы тағы да кейінге шегерілді

Шымкент. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" -"Оңтүстік" еркін экономикалық аймақ құрылысының аяқталуы сәуірден шілде айына шегерілді. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Оңтүстік" еркін экономикалық аймақ директоры Сергей Цой мәлімдеді.

"Біз үкімет қорынан қаржы бөлуді сұрадық, бірақ мен түсінгенімдей, үкімет кеңесіп ол ақшаны биылғы бюджеттен беруді шешкен. Қазір бұл мәселе мәжілісте, комитеттерде талқылануда. Ең бастысы ЕЭА қаржыландыру туралы жалпы шешімі бар және ол барлық деңгейде келісілген. Біздің қолымыздағы хаттамада ҚР президенті ЕЭА құрылысын аятау қажет деп айтқан. Енді біздерге бөлінетін ақша шілде айының басында түседі деп күтілуде. Тендерлер шілдеде өткізіліп, тамызда оның құрылыс жұмыстары басталады", - деді С. Цой.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, "Оңтүстік" еркін экономикалық аймақта бірінші тоқыма фабрикалары 2007 жылы ашылады деп жоспарланған. Бірақ бұл жоспар орындалмады, себебі " Oxi textil және "Хлопкопром целлюлоза" екі нысанның құрылыстары 2007 жылдың ортасында қолға алынды. Биылғы жылдың 16 мамырында Қазақстанның Даму банкі үшінші мақта тоқыма кешенінің құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуді мақұлдады. Оның құрылыстарын "Ютекс" фирмасы жүргізетін болады.

Алайда, "Оңтүстік" ЕЭА аумағында тоқыма кластерін құру мақсатында жоспарланған нысандар құрылыстарын жүргізу мүмкіндігі болмай отыр. Өйткені, аймақта электр, газ , су желілері жүргізілмеген. Ішкі желілер аяқталмай, сыртқы электр желілерін тарту жұмыстары да жасалмаған.

Сәуір айының аяғында "Оңтүстік" ЕЭА директорының орынбасары Нұрмахан Сарыбаев ҚР үкіметі "Оңтүстік" еркін экономикалық аймағында коммуникациялық желілерді тарту жұмыстарына 1 млрд 992 млн теңге бөлу жөнінде шешім шығарды, бірақ тиісті қаулыға әлі қол қойылған жоқ, деп агенттікке хабарлаған болатын. Н. Сарыбаев айтқанындай, ақша алынғаннан кейін коммуникацияны тарту жұмыстарын аяқтау үшін мердігерлерге алты ай уақыт керек. Сонымен қатар ЕЭА аумағын энергетикалық және көлік коммуникацияларымен толық қамтамасыз ету үшін төрт миллиард теңге қаржы, ал бөлініп отырған қаржы екі есе аз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны