19.10.2016, 12:25 4282

Оӊтүстік Қазақстан облысы 2015 жылдыӊ қорытындысы бойынша жалпы өӊірлік өнім мөлшерімен республикада 5 орында

Айқындалған 83 индикаторлардыӊ ішінде 11-і биылғы жылдан бастап, алғаш рет Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен облыс әкімі арасында түзілген Меморандумныӊ индикаторлары болып табылады. Жыл соӊына дейін белгіленген индикаторларға қол жеткізілетін болады.

Шымкент. 19 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысы 2015 жылдыӊ қорытындысы бойынша жалпы өӊірлік өнім мөлшерімен республикада 5 орында тұр,- деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Икімдік ақпаратына сәйкес, Оӊтүстік Қазақстан облысында атқарылған жүйелі жұмыстар мен жасалған іс-шаралардыӊ нәтижесінде 9 айдағы өӊірдіӊ әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші жоғары болып отыр. Мәселен өнеркәсіп өнімініӊ көлемі тоғыз айда 4,9 пайызға артып, 574,2 млрд. теӊгені құрады. Өнім көлемініӊ өсуі негізінен 104,5 пайызы тамақ, 117,5 пайызы мұнай өӊдеу болса, 127,3 пайызы фармацевтикалық, ал 115,4 пайызы өзге металл емес минералды өнімдер мен 107,4 пайызы металлургия өндірісі есебінен орын алып отыр.

Ал, ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 319,6 млрд. теӊгені құраса, оныӊ ішінде мал шаруашылығында - 150,3 млрд. тг, егін шаруашылығында - 168,6 млрд. тг. өнімі өндірілді.

Сонымен қатар, жыл басынан бері құрылыс жұмыстарыныӊ көлемі 125,3 млрд. теӊгені құрап, 385,2 мыӊ шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 10 пайызға артты.

Ал 9 айда негізгі қорға 240,8 млрд. теӊге инвестиция бағытталып, 2015 жылдыӊ тиісті кезеӊіне 82,4 пайызды құрады.

Сондай-ақ, облыста 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы қабылданды. Айқындалған 83 индикаторлардыӊ ішінде 11-і биылғы жылдан бастап, алғаш рет Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен облыс әкімі арасында түзілген Меморандумныӊ индикаторлары болып табылады. Жыл соӊына дейін белгіленген индикаторларға қол жеткізілетін болады.

Айта кетейік, 2015 жылдыӊ қорытындысымен жалпы өӊірлік өнім бойынша республикада тұрақты 5 орында орналасқан.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны