18.10.2016, 15:40 4415

Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде 2016 жылдыӊ 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы қаралды

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасыныӊ басшысы Р.Мулкеманов есепті мерзім ішінде өнеркәсіп өнімініӊ көлемі 574,2 млрд. теӊгені құрап, ауыл шаруашылығыныӊ жалпы өнімі 319,6 млрд. теӊгеге, құрылыс жұмыстарыныӊ көлемі 125,3 млрд. теӊгеге жеткенін баяндады.

Шымкент. 18 қазан. Kazakhstan Today - Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтыӊ төрағалығымен аудан, қала әкімдерімен және облыстық басқармалар басшыларыныӊ қатысуымен селекторлық мәжіліс өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Күн тәртібінде облыстыӊ 2016 жылдыӊ 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы, "Нұрлы жол" және "Жұмыспен қамту 2020" бағдарламаларыныӊ орындалу барысы қаралды.

Бірінші мәселе бойынша сөз алған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасыныӊ басшысы Р.Мулкеманов есепті мерзім ішінде өнеркәсіп өнімініӊ көлемі 574,2 млрд. теӊгені құрап, ауыл шаруашылығыныӊ жалпы өнімі 319,6 млрд. теӊгеге, құрылыс жұмыстарыныӊ көлемі 125,3 млрд. теӊгеге жеткенін баяндады. Десе де, басқарма басшысыныӊ айтуынша, өӊірге инвестиция тартуда нәтиже төмен. Яғни, 9 айда негізгі қорға 240,8 млрд. теӊге инвестиция бағытталып, 2015 жылдыӊ тиісті кезеӊіне 82,4% құрады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе аясында облыстық құрылыс басқармасыныӊ басшысы С.Полатов биылғы жылға жоспарланған 14 нысанныӊ 7-нде құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сай жүріп жатқанын жеткізсе, "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 9 жобаны іске асыру жоспарланғанын айтқан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасыныӊ басшысы М.Марайым бөлінген қаржыныӊ 96 пайызға игеріліп, жұмыстар жыл соӊына дейін толық орындалатынын баяндады.

Селекторлық отырыста "Жұмыспен қамту 2020" бағдарламасыныӊ орындалу барысы бойынша баяндама жасаған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыныӊ басшысы И.Темірбаева жыл басынан бері 54570 адамға бағдарлама қатысушысы ретінде қолдау көрсетілгенін хабарлады. Оныӊ ішінде, 19965 адам өздігінше жұмыспен қамтылып, жылдық жоспардыӊ 113 пайызын құраған.

Баяндамашыларды мұқият тыӊдаған аймақ басшысы күн тәртібінде қаралған әрбір мәселе бойынша сала жетекшілеріне тапсырмалар жүктеді. Исіресе, Жансейіт Қансейітұлы экономикалық индикаторлар бойынша жұмыстардыӊ тиісті деӊгейде орындалып, облысқа қаржы тартуда инвесторларға жағдай жасалу қажеттігін атап өтті. Құрылыс нысандарын салып, коммуналдық жүйелерді реттеуде мерзімінен кешіккен мердігерлерді анықтап, жалпы тізімнен шығаруды айтса, жұмыспен қамту мәселесінде берілген тапсырмалар орындалмай жатқан аудан, қалалардыӊ тізімін жасап, әкімдіктіӊ аппаратына беруді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны