09.12.2016, 15:14 4570

Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде бизнес конференция өтті

Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде "Kazakhstan Forbes" журналыныӊ тізіміне енген 30-ға жуық бизнесмендер мен өӊірдегі ірі кәсіпкерлер бас қосты, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде "Kazakhstan Forbes" журналыныӊ тізіміне енген 30-ға жуық бизнесмендер мен өӊірдегі ірі кәсіпкерлер бас қосты, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Бизнес конференцияға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев инвестициялық мүмкіндіктері мен туризм индустриясыныӊ жетістіктерін атап өтті.

Отандық өндірісті дамыту үшін қолайлы жағдай жасалғанын айтқан әкім кәсіпкерлер үшін инфрақұрылымы дайын тегін жер беріліп, онда коммуналдық тарифтері төмен және салықтық жеӊілдіктер қарастырылғанын жеткізді. Сондай-ақ, ол банктік несиеніӊ пайыздық сыйақысын субсидиялау, банкке мемлекеттік кепілдік беру сияқты мүмкіндіктер бар екеніне тоқталды.

Мәселен, облыста индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру мақсатында жалпы аумағы 959 гектарды құрайтын 11 индустриялық аймақ құрылған. Бүгінде бұл өндірістік алаӊшаларда 160-тан астам жоба орналастырылса, оныӊ 56-сы жұмыс жасауда. Ал өӊірде соӊғы 6 жылдыӊ ішінде өӊдеу өнеркәсібініӊ түрлі салаларында 145 кәсіпорын іске қосылып, 13 мыӊға жуық жаӊа жұмыс орындары ашылды.

Бизнесмендердіӊ бас қосуында көне Түркістан қалашығын жаӊғырту бойынша эскиздік жоба мен Қ.А.Яссауи кесенесініӊ аумағын абаттандыру жобасы. Сонымен қатар, өӊірімізді көркейтудегі жобалардыӊ қатарына "Сарыағаш" курорты аумағын кеӊейтіп, халықаралық деӊгейге көтеру, Шардарада жағажай туризмін дамыту мақсатында Шардара су қоймасы аумағында демалыс аймақтарын орналастыру жобасы, облыс аумағында тау-шаӊғы туризмін дамытуға бағытталған халықаралық стандарттарға сай "Қасқасу" туристік рекреациялық кешенін іске асыру, өндірістік жылыжайларды көбейту, Шымкент қаласын дамыту сынды жобалар кәсіпкерлер назарына ұсынылды.

Елбасыныӊ Шымкент қаласын республикадағы үшінші мегаполиске айналдыру бойынша тапсырмасына орай, облыс орталығы инвесторларға арналған үлкен алаӊға айналуы тиіс. Осы орайда, облысқа инвестиция тарту мақсатында бағытталған шараға "Kazakhstan Forbes" журналыныӊ тізіміне енген 30-ға жуық ірі кәсіпкерлер келді.

Жиында TS Development компаниясыныӊ президенті және "Dostyk PLAZA", "Shymkent PLAZA" жобаларыныӊ иесі С.Төлбасов Шымкент қаласындағы еӊ ірі сауда орталықтарыныӊ бірі болып табылатын "Shymkent PLAZA" жобасына 16 млрд. теӊге көлемінде инвестиция құйғанын айтып, бүгінгі ашылуына шақырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны