26.10.2016, 15:20 4358

Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімі израильдік инвесторлармен кездесті

Израиль мемлекетініӊ ауыл шаруашылығы, медицина, өнеркәсіп сынды бірқатар салаларда әлемдік көшбасшы екенін айтып, осы істердіӊ Оӊтүстікте де қанат жаюы қажеттігіне тоқталған Жансейіт Қансейітұлы өӊірімізде шетелдік кәсіпкерлердіӊ жұмысын дамытуға әкімдік тарапынан қажетті қолдаулардыӊ жасалатынын жеткізді.

Шымкент. 26 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев израильдік "YR-Mitrelli Group" компаниясыныӊ өкілдерін қабылдады. Аталған компанияныӊ президенті - негізін қалаушы Хаим Тайбпен болған әӊгімеде тараптар қос мемлекет - Қазақстан мен Израильдіӊ түрлі салаларда ынтымақтастық орнатып келе жатқанын, сондай-ақ, бұл игі жұмыстарды Оӊтүстікте де одан әрі дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Басқосуда Ж.Түймебаев компания басшылығын Оӊтүстік Қазақстан облысындағы ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырып, атап айтқанда, Шымкент қаласында онкологиялық орталық пен консультативтік - диагностикалық емхананыӊ құрылысы, "ақылды" автотұрақ, балық шаруашалығын дамыту, Сарыағаш ауданындағы агробақ жоспары мен сүт жинауға арналған логистикалық орталықтыӊ жұмыстарын ұсынды.

Израиль мемлекетініӊ ауыл шаруашылығы, медицина, өнеркәсіп сынды бірқатар салаларда әлемдік көшбасшы екенін айтып, осы істердіӊ Оӊтүстікте де қанат жаюы қажеттігіне тоқталған Жансейіт Қансейітұлы өӊірімізде шетелдік кәсіпкерлердіӊ жұмысын дамытуға әкімдік тарапынан қажетті қолдаулардыӊ жасалатынын жеткізді.

Бұған дейін Оӊтүстік Қазақстан облысына сапары аясында аталған компания өкілдері өӊіріміздегі кәсіпкерлік нысандарын аралап, ауыл шаруашылығы саласы бойынша инвестициялық мүмкіндіктерді байқаған болатын. Қонақтар облыс аумағындағы көлік-логистикалық аймақтар мен ауыл шаруашылығыныӊ дамуына қызығушылық білдірген.

Айта кетейік, әлемдік нарықта 20 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан "YR-Mitrelli Group" серіктестігі кеӊ ауқымды, ұзақ мерзімді жобаларды әзірлеп, жүзеге асырумен айналысатын ірі компания болып табылады. Атап айтқанда, серіктестік денсаулық сақтау, су, энергетика, білім беру, тұрғын үй, ауыл шаруашылығы және т. б. салаларда еӊбек етеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны