09.04.2018, 20:27 4791

Оӊтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы 70 пайыз газбен қамтылады

Бүгінде құрылысы аяқталған 9 елді мекенге табиғи газ қосу жұмыстары жүргізілуде. Биыл жалпы аудан бойынша 45 елді мекен табиғи газ жүйесімен қамтылып, көрсеткіш 70,3 пайызды құрайтын болады

Шымкент. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданынындағы 64 елді мекенніӊ қазіргі таӊда 56,3 пайызы табиғи газға қосылған. Бүгінде құрылысы аяқталған 9 елді мекенге табиғи газ қосу жұмыстары жүргізілуде. Биыл жалпы аудан бойынша 45 елді мекен табиғи газ жүйесімен қамтылып, көрсеткіш 70,3 пайызды құрайтын болады. Бүгін бұл туралы ОҚО өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазығұрт ауданыныӊ әкімі Төлеген Телғараев мәлім етті.

Сондай-ақ, аудандағы барлық елді мекенніӊ 42-сі ауыз су құбырымен қамтылып отыр. 2018 жылы Шарапхана ауылы мен 7 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етіліп, 10 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Бұдан бөлек, өткен жылы аудандағы жалпы өӊірлік өнім көлемі 7,6 пайызға артып, 97,9 млрд. теӊгені құраған. Өткен жылы өӊірде 30 шағын жоба іске қосылып, 253 адам тұрақты жұмыспен қамтылыпты.

"2018 жылы жалпы құны 1089,2 млн. теӊгені құрайтын 32 шағын жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Ағымдағы жылдыӊ 3 айыныӊ өзінде 8 шағын жоба іске асырылып, 124 адам жұмыс тауып отыр. Ағымдағы жылы ауданда 2 шағын өндіріс орнын іске асыру жоспарланған. Атап айтқанда, "Қазығұрт айна" ЖШС-ніӊ "Сұйық шыны шығару" цехы мен "Unifrutti gold" ЖШС-ніӊ "Жемістер мен көкөністерді өӊдеу арқылы диеталық пюрелер шығару" жобалары", - деді Төлеген Тұртайұлы

Елбасымыздыӊ "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бағдарламасы аясында аудан көлемінде қазіргі таӊда 16 өнеркәсіп орындары жұмыс істеп тұр. Ағымдағы жылдыӊ 2 айында өндірілген өнеркәсіп өнімініӊ көлемі 995,7 млн. теӊгені құрап, нақты көлем индексі 103,9 пайызға жеткен.

"Ауданныӊ 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасына сәйкес, 2018 жылы өнеркәсіп өнімініӊ көлемін 6473,3 млн. теӊгеге жеткізу межеленіп отыр. Сондай-ақ, есепті жылдыӊ қорытындысы бойынша аудандағы ауыл шаруашылығыныӊ жалпы өнім көлемі 31 641,8 млн. теӊгеге жетіп, нақты көлем индексі 101 пайызды құраған. Өӊірдегі 330 ұсақ шаруа қожалықтары 21 кооперативке біріктірілді", - деді Төлеген Телғараев

Аудан әкімініӊ мәлімдеуінше, "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында "Болашақ" мөлтек ауданынан 16 пәтерлі 4 тұрғын үй ағымдағы жылы пайдалануға беріледі. Биыл жергілікті бюджет есебінен Атбұлақ елді мекенінде 17 пәтерлі қызметтік тұрғын үйдіӊ құрылысы жүргізілетін болады.

Ал "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған" бағдарламасы аясында ағымдағы жылдыӊ үш айында 1202 азамат бағдарламаға қатысып, жылдық жоспар 30 пайызға орындалып отыр.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны