19.08.2016, 14:32 4025

Оӊтүстік Қазақстан облысы мен Австрия жаӊартылмалы энергия көздері саласында ынтымақтастық орнатпақ

ЖЭК саласы Австрияда жоғары дамыған, мұны Каринтия Федералды жерініӊ Үкіметініӊ алдағы 19-20 жылда дәстүрлі электроэнергия көздерінен "жасыл" энергетика көздерініӊ пайдасына толығымен бас тарту жоспарлары көрсетіп отыр.

Астана.19 тамыз. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысы делегациясыныӊ Австрияға іскерлік сапары шеӊберінде Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ жаӊартылмалы энергия көздері (бұдан әрі ЖЭК) саласындағы даму әлеуеті таныстырылды. Австриялық инвесторлармен энергетикалық компаниялар өкілдерін біздіӊ өӊірдіӊ климаттық ерекшеліктері мен баламалы энергетиканыӊ барлық түрлерін дамыту мүмкіндігі қызықтырды.

Сондай-ақ, австриялық инвесторлар Қазақстанныӊ "жасыл экономика" тақырыбында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу маӊыздылығын атап өтті.

ЖЭК саласы Австрияда жоғары дамыған, мұны Каринтия Федералды жерініӊ Үкіметініӊ алдағы 19-20 жылда дәстүрлі электроэнергия көздерінен "жасыл" энергетика көздерініӊ пайдасына толығымен бас тарту жоспарлары көрсетіп отыр.

Сонымен қатар ОҚО делегациясы жылдық айналымы 11 млрд. АҚШ долларын құрайтын, HELIOVIS заманауи күн электростанциясына барды.

Кәсіпорынныӊ бірегейлігі, электростанцияда күн концентраторыныӊ жаӊа типі HelioTube орнатылғандығы болып табылады. Аталған концентратор типі ресурстар шығынын 55%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді, яғни көмірқышқыл газыныӊ шығарылуы қарапайым күн панельдерінен анағұрлым төмен.

Бұл ретте, Оӊтүстік Қазақстан облысында электроэнергияныӊ айтарлықтай жетіспеушілігі туындап отырғандығын атап өтуге болады. Ішкі жүйелер өӊірдіӊ электроэнергия қажеттілігініӊ тек жартысын ғана қамтамасыз етіп отыр. Электроэнергиясыныӊ жетіспеушілігі негізінен жақын өӊірлерден жеткізілу арқылы орны толтырылып отыр.

Электроэнергиясыныӊ жетіспеушілігін жою үшін өӊірдіӊ табиғи әлеуетін, яғни жылына 300 күн шығып тұратын күн шуағын пайдалану жоспарлануда.

Тұтастай алғанда, Оӊтүстік Қазақстан облысында жаӊартылмалы энергия көздерін пайдалану кеӊ айналым алып келеді. Қазіргі таӊда, облыста жаӊартылмалы энергия көздері саласында 27 жоба іске асырылуда, оныӊ ішінде 11 жоба күн электростанцияларыныӊ құрылысына бағытталған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны