12.05.2018, 00:46 5429

Оӊтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы туризм ошағына айналмақ

Оӊтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы жағажай туризмін дамытуға қолайлы аймақ. Шардара су қоймасы жағалауындағы туризм саласын дамыту бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

Шымкент. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы жағажай туризмін дамытуға қолайлы аймақ. Шардара су қоймасы жағалауындағы туризм саласын дамыту бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Алдағы уақытта 255 гектар аумақта 60 нысан құрылысы жүргізіледі. Атап айтқанда, қонақ үйлер, яхт клуб, ресторандар, аӊшылар және балықшылар үйі, аквапарк сынды ғимараттар бой көтереді. Бүгін бұл туралы ОҚО өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шардара ауданыныӊ әкімі Болатбек Қыстауов мәлім етті.

Аудан басшысыныӊ айтуынша, туристік аумаққа тартылатын инвестиция көлемі 6,7 млрд. теӊгені құрайды. Аталған жобаға инвесторлар қызығушылық танытуда. Бұл жұмыстар іске асқан жағдайда 1000-нан астам жаӊа жұмыс орны ашылып, бірнеше нысан бой көтеретін болады. Нәтижесінде өӊірге келуші туристердіӊ саны 45 мыӊнан асады деп жоспарлануда.

Бұдан бөлек, Шардара ауданында 19 кәсіпорын жұмыс жасайды. Өткен жылы осы өндіріс орындарында 7844,5 млн. теӊгеніӊ өнімі өндіріліп, 2016 жылмен салыстырғанда 4,7 пайызға артқан. "Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы" аясында осы уақытқа дейін ауданда жалпы құны 1482 млн. теӊгені құрайтын 5 жоба іске асырылды.

"Ағымдағы жылы өнеркәсіп өнімін 8960 млн.теӊгеге жеткізу жоспарланған. "Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы" шеӊберінде ауданға инвестиция тарта отырып, ағымдағы 3 бірдей жобаны іске асыру көзделіп отыр. Олардыӊ қатарында жалпы жобалық құны 200 млн. теӊгені құрайтын өндірістік қуаттылығы 600 тонналық "Байтерек ББМ" ЖШС-ӊ "Балық өӊдеу зауытыныӊ құрылысы" бар. Қазіргі таӊда құрылыс жұмыстарыныӊ 70 пайызы аяқталған. Сондай-ақ, өндірістік қуаттылығы 20 мыӊ тоннаны құрайтын "Ай-Кажы" Ак-алтын" ЖШС-ӊ "Мақта өӊдеу зауытыныӊ құрылысы" жобасы бар. Үшіншісі, "Шардара ГЭС" АҚ-ныӊ қайта жаӊғырту жобасы. Аталған жобаларды іске қосу арқылы 400 адамға жаӊа жұмыс орны ашылады", - деді Болатбек Дүйсенбекұлы.

Сондай-ақ, "Бизнестіӊ жол картасы-2020" кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бірыӊғай бағдарламасы аясында ауданда өткен жылы 14 жобаға қолдау көрсетіліп, өӊірлік үйлестіру кеӊесі мақұлдаған.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны