24.10.2016, 18:28 48755

Оӊтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында келесі жылдан бастап алтын өндіріледі

Металл өндіруде тәжірибесі жеткілікті терсікейліктер келер жылдан бастап көмір өндірісін де қайта жандандырмақ.

Шымкент. 24 қазан. Kazakhstan Today - Созақ ауданында келесі жылдан бастап алтын өндіріледі. Бұл туралы аудан әкімі Мақсат Исаевтыӊ ел тәуелсіздігініӊ 25 жылдығында атқарылған шаруаларды баяндаған баспасөз брифингінде айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Металл өндіруде тәжірибесі жеткілікті терсікейліктер келер жылдан бастап көмір өндірісін де қайта жандандырмақ..

Алдағы уақытта ауданда өнеркәсіп, шағын кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, атап айтқанда ет пен қымыран өӊдеуді дамыту қолға алынбақ. Баламалы қуат өндіретін күн электр станциясын іске қосу да алдағы жылдыӊ еншісіне қалдырылып отыр. Сонымен қатар, бір кездері тартылып қалып биыл қайта толған Қызылкөлдіӊ жағасынан демалыс орындарын салуға ниеттеніп отырған кәсіпкерлер де дайын.

Тек, жоба-жоспар түзілуі керек. Сондай-ақ, Созақта тұрғын үй мәселесі де жылдан жылға шешімін тауып келеді. Ширек ғасырда ауданда 206,6 мыӊ шаршы метрді құрайтын 4000-ға жуық тұрғын үй салынған. Жыл аяғына дейін тағы 50 тұрғын үй ел игілігіне берілгелі отыр.

Созақтық шаруалар мал өсіруде де алдарына қара салмай келеді. Тәуелсіздік алған жылдары ауданда ірі қара басы 7 мыӊнан әреӊ асса, қазір бұл көрсеткіш 27 мыӊға жетіп отыр. Биылдыӊ өзінде Созақтан 2 688 қаракөл тоқтысы біріккен Араб әмірліктеріне экспортталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны