13.04.2007, 16:30 3450

Оңтүстік Қазақстан облысы үшін суарма сулар лимиті 20 пайызға қысқарды

ШЫМКЕНТ. 13 - сәуір. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысы үшін осы маусымдағы суарма сулар лимиті 20 пайызға қысқарды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне "Оңтүстік су шаруашылығы" республикалық мемлекетттік кәсіпорынының су пайдалану бөлімінің бастығы Бақтияр Темірбаев хабарлады.

"Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық министрлігінің су ресурстары жөніндегі комитеті судың аздығына байланысты Оңтүстік Қазақстан үшін суарма су лимитін өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға аз белгіледі",- деді Б. Темірбаев. "Лимит бойынша суарма суының жалпы көлемі 3 млрд 500 млн текше метрді құрайды",- деп түсіндірді ол.

Б. Терімбаевтің айтуынша, "Оңтүстік су шаруашылығы" республикалық мемлекетттік кәсіпорынының қызметкерлері лимит негізінде облыс аудандары үшін егіс алаңдарына қатысты ұсыныстар әзірледі. "Біз егіс алаңдарының құрылымын қайта қарауға ұсыныс жасаймыз, ылғалсүйгіш дақыларды құрғақшылыққа төзімділерімен алмастыру керек. Атап айтқанда Мақтаарал мен Шардара аудандарында күріш егуге кеңес бермейміз",- деді Б. Темірбаев.

"Оңтүстік су шаруашылығы" республикалық мемлекетттік кәсіпорыны қызметкерлерінің есептеулеріне сәйкес, су пайдалану бөлімінің бастығы суармалы жердегі егіс алаңын 454 гектардан 285 гектарға дейін қысқартуға, соның ішінде мақта егісін 200 мың гектардан 165 гектарға қасқарту керектігін айтып өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны