16.09.2016, 14:22 5278

Оӊтүстік Қазақстан облысында 14 машина-тракторлар стансасы құрылды

МТС-тер құрамында 108 доӊғалақты тракторлар, 7 шынжыр табанды тракторлар, 28 астық оратын,9 жем-шөп оратын, 4 жүгері оратын комбайндар мен 186 басқа техникалар бар.

Шымкент. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында 14 машина-тракторлар стансасы құрылды. Бұл туралы облыс әкімдігініӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Ауылшаруашылық өнімдерініӊ көлемін ұлғайтуды, экспортқа шығаруды қамтамасыз етуде ұсақ тауар өндірушілердіӊ мәселелерін кешенді шешу үшін, ҚР "Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы" Заӊына сәйкес, облыста кооперативтерді құру белсенді жүргізілуде.

Бүгінгі күнге облыста 8 мыӊнан аса ұсақ фермерлік шаруашылықтар 81 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерге бірігіп, жұмыс атқаруда. Олар даму бағыттары бойынша 19 бірлік мақта шаруашылығы, 30 бірлік астық, 4 бірлік сүт өндірісі, 13 бірлік ірі және ұсақ мал шаруашылығы, 3 түйе шаруашылығы, 3 жүгері өсіру, 4 жылыжай, 5 тағы басқа шаруашылықтардан құралып отыр.

Сонымен қатар, биылғы жылы облыста 14 машина-тракторлық стансасы құрылған. МТС-тер құрамында 108 доӊғалақты тракторлар, 7 шынжыр табанды тракторлар, 28 астық оратын,9 жем-шөп оратын, 4 жүгері оратын комбайндар мен 186 басқа техникалар бар.

Бұдан бұрын да хабарланғандай, облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов өӊір халқына берген есебінде ауылшаруашылығы саласында болашақта атқарылатын жұмыстар жайлы былай деген еді:

Үшіншіден. Ауылшаруашылық саласын дамыту.

Бұл саланыӊ потенциалы өте үлкен.

Сондықтан да, келесі бесжылдықта бұл саланы дамытуға ерекше көӊіл бөлінетін болады.

Ауылшаруашылық саласын реформалаудыӊ басты бес бағытын белгіледік.

Бірінші. Суармалы жерлерді ұлғайту. Мемлекеттік бағдарлама аясында алдағы 5 жылда қарастырылған қаржыныӊ бестен бірі облысқа бөлінеді.

Нәтижесінде, бес жүз жиырма бес (525 мыӊ) мыӊ гектар жердіӊ су жүйелері жақсарады.

Екінші. Фермерлерге берілетін төмен пайызды несие көлемін арттыру.

Биыл бұл мақсатта "Максимум" орталығы арқылы 10 млрд. теӊге бөлінеді.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда қырық бес пайызға (45%) өсіп отыр.

Үшінші. Кооперативтерге қарасты МТС-тер ашу.

Төртінші. Бүгінгі таӊда ғылыми негізсіз ауылшаруашылығы бәсекеге қабілетті бола алмайды.

Сондықтан, әрбір ауданда Ғылыми консультациялық қызмет көрсететін орталықтар ашылатын болады.

Бесінші. Ирбір ауданныӊ потенциалы мен климатына сәйкес дамудыӊ басым бағыттары айқындалды.

Мәселен, таулы аудандарда интенсивті бау шаруашылығы қолға алынатын болады.

Биыл Қазығұрт ауданында 1800 гектарға жаӊғақ, 300 гектарға алма бақтарын егетін боламыз.

Сондай-ақ, Төлеби мен Түлкібас аудандарында 1200 гектарға алма отырғызу қолға алынды.

Осы аудандарда бау және оны қайта өӊдеу кластері құрылатын болады.

Таулы аудандардыӊ тағы бір басым бағыты - сүт кластерін дамыту.

Мақтарал ауданында мақта шаруашылығын қайтадан қолға аламыз.

Ол үшін мақтаныӊ егіс алаӊын ұлғайтамыз. Ал, өнімділігін арттыру бойынша - арнайы бағдарлама қабылданады.

Бүгінде республика бойынша жылыжайлардыӊ 46 пайызы - Сарыағашта.

Сарығаш - көкөнiс өндiретін нағыз "фабрикаға" айналуы тиіс.

Ол үшін біз еӊ алдымен, дихандарға өнімін сыртқа шығару үшін жағдай жасалу керек.

Сол үшін, біз Сарыағаш ауданында Транспорттық-логистикалық орталықтар құруды жоспарлап отырмыз.

Бұл - Елбасыныӊ тапсырмасы.

Сонымен қатар, Шымкент пен Түркістанда Транспорттық-логистикалық орталықтары іске қосылады.

Сырдыӊ бойында 80 мыӊ гектар жаӊа суармалы жерлер қосылады. Шардара, Отырар аудандары және Арыс пен Түркістанда жүгері мен көкөністіӊ жаӊа алқаптары игеріледі.

Созақ, Бәйдібек аудандарында мал шаруашылығын дамытатын боламыз.

Түркістан индустриалдық аймағында шұбат зауыты салынбақ. Бұл - экспортқа бағытталған өндіріс.

Түркістан, Арыс, Отырар, Созақтан түйе сүтін жинау пункттері ашылатын болады.

Қой етін экспорттау бойынша жұмыстар қайта қолға алынды. Жақында қой етініӊ алғашқы партиясы Иран Республикасына жолданады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны