06.06.2017, 16:41 3841

Оӊтүстік Қазақстан облысында 16 су қоймасыныӊ құрылысы басталмақ

Оӊтүстік Қазақстан облысында 16 жаӊа су қоймасыныӊ құрылыс жүргізілетін болады. Сондай-ақ тасқын суға қарсы 70 нысанда инженерлік жұмыстар іске асырылады.

Шымкент. 6 маусым. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында 16 жаӊа су қоймасыныӊ құрылыс жүргізілетін болады. Сондай-ақ тасқын суға қарсы 70 нысанда инженерлік жұмыстар іске асырылады. Аталған жоба жүзеге асқанда 320 млн. текше метр топан су қабылдап, 17 мыӊ гектар суармалы жерді суғаруға мүмкіндік туады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметініӊ селекторлық отырысында Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

"Биылғы дайындық жұмыстарыныӊ жоғары деӊгейде атқарылуына байланысты өӊір топан судан зардап шеккен жоқ. Алайда мәселені зерттеп-зерделегенімізде жыл сайын 2 млрд текше метр судыӊ ағып кететіндігіне көз жеткіздік. Ауыл шаруашылығына бейімделген және жаз айларында су тапшылығына ұрынатын аймақта көктемгі тасқын суды тиімді мақсатқа пайдалану еӊ басты мәселе болып табылады. Сондықтан да облыстыӊ аумағында әзірге 16 шағын су қоймаларын салып, суармалы егістік алқаптарын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Аталған нысандар аймақты тасқын судан қорғап, егіншілікті дамытуға тікелей септігін тигізетін болады. Енді бюджеттен қосымша 250 млн теӊге қаржы қарап, тағы да тоғандар мен су қоймаларын салу үшін тиісті жобалау, жоспарлау жұмыстарын жүргіземіз",- деді Жансейіт Қансейітұлы.

Жалпы, облыс аумағында 43 су қоймасы орналасқан. Оныӊ ішінде 20-сы республикалық, 13-і облыстық, 4-еуі аудандық коммуналдық меншігінде. Ал, 6-уы жеке меншікке берілген. Қазіргі таӊда республикалық бюджет есебінен Тоғыс, Сасықбұлақ, Ақылбексай су қоймаларында 984,9 млн. теӊгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2017-2019 жылдары 11,1 млрд. теӊгеге 4 су қоймасында (Шардара, Таушаға, Досан-Қарабас, Бөген су қоймалары) күрделі жөндеуден өткізілетін болады.

Ағымдағы жылы облыстық ауыл шаруашылық басқармасы коммуналдық меншіктегі 4 су қоймасында (Ақсумбе, Бақырлы, Ащы, Текесу) облыстық бюджет есебінен 384,1 млн. теӊгеге күрделі жөндеу жүргізіледі.

Бұдан бөлек, Түркістан қаласында 1,7 млн. текше метрге арналған "Қарашық" су қоймасыныӊ құрылысы жүргізіліп, жылдыӊ аяғына дейін аяқтау жоспарланып отыр,- деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны