21.09.2016, 10:03 4315

Оӊтүстік Қазақстан облысында 1991 жылы 163,4 мыӊ тонна, ал биылғы жылы - 866 мыӊ тонна көкөніс жиналды

1999 жылдыӊ аяғында бұрынғы 182 ұжымшар-кеӊшар және мемлекеттік шаруашылықтар базасында жеке меншікке негізделген 20 мыӊнан астам ауыл шаруашылығы құрылымдары пайда болды. Бүгінгі күнге олардыӊ саны 70 мыӊнан асты.

Шымкент. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында 1991 жылы облыс бойынша 163,4 мыӊ тонна көкөніс жиналса, биылғы жылы 866 мыӊ тоннаға, яғни бес есеге артып отыр. Бұл туралы бүгін Аймақтық коммуникациялар қызметінде "Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбында өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті.

Оныӊ айтуынша, егін шаруашылығы бойынша жүргізілген жүйелі әртараптандырудыӊ арқасында 1991 жылмен салыстырғанда майлы дақылдардыӊ егіс көлемі 73 мыӊ гектардан 80 мыӊ гектарға, бақша 49 мыӊнан 59 мыӊ гектарға, ал көкөніс 27 мыӊ гектардан 40,4 мыӊ гектарға, картоп 9 мыӊ гектардан 15,3 мыӊ гектарға артқан. Сондай-ақ, егіс көлемімен қатар алынған өнім көлемі де артқан. Мәселен, 1991 жылы облыс бойынша 163,4 мыӊ тонна көкөніс жиналса, биылғы жылы 866 мыӊ тоннаға, яғни бес есеге артып отыр.

Брифингте мәлім болғандай биылғы жылы орташа есеппен - 470 мыӊ тонна астық жиналып, түсімділігі орташа 22 цн/га құраған. Ал 1991 жылы астықтыӊ түсімділігі гектарына 17,8 центнер болған. Оӊтүстік шаруалары өздерініӊ еӊбекқорлығымен Қазақстанныӊ Тәуелсіздік кезеӊіндегі еӊ үлкен рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп отыр.

"1999 жылдыӊ аяғында бұрынғы 182 ұжымшар-кеӊшар және мемлекеттік шаруашылықтар базасында жеке меншікке негізделген 20 мыӊнан астам ауыл шаруашылығы құрылымдары пайда болды. Бүгінгі күнге олардыӊ саны 70 мыӊнан асты. Сондай-ақ, мемлекеттіӊ ауыл шаруашылығы саласын тікелей қолдауы мен облыс әкімдігі тарапынан жүргізілген жүйелі жұмыстыӊ нәтижесінде, 2010 жылдан бері мал шаруашылығыныӊ өнім үлесі 45%, ал өсімдік шаруашылығыныӊ үлесі 55 % құрады",-деді басқарма басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны